- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Құрметті жерлестер!!!
Бүгін прокуратура қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Дәл осы қадағалау органы заңдылықты сақтаудың тірегі болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа және қазіргі қоғамның қылмыстық қатерлеріне қарсы күресте алдыңғы қатарда тұр. Прокуратура қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегі елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға елеулі үлес қосады. Біздің прокурорлардың білімі мен кәсіби қасиеттері мемлекеттілікті нығайтуға одан әрі ықпал ететініне сенімдімін. Баршаңызға жұмыста табыс, өркендеу, бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілеймін.
- 07.12.2022
- 245