• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау ауданында су тапшылығын жою үшін тұшыту қондырғылары салынуда

Бүгін, 7 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға Маңғыстау ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депуттары, ауданға қарасты барлық ауыл әкімдері қатысты.

Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының 10 бағытын атап өтті. Солардың бірі - ауыз су бойынша, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша 5 елді мекенге су тұшыту қондырғысы мен су қоймасын салу жұмыстары жүріп жатыр.

- Жоспарларға тоқталатын болсақ, білім саласы бойынша, 19 мектепке еңбек кабинеті қажет. 17 мектепке ашық спорт алаңы, оқушыларды мектепке тасымалдауға 8 автобусқа қажеттілік туындап отыр. Құрылыс саласына келсек, Жыңғылды ауылынан салынып жатқан спорт залға биыл 453,9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Шетпе ауылындағы 2 қабатты 26 пәтерлі шағын отбасылық ғимаратты қайта құрылымдау жұмыстары да жалғасуда, - деді Ғалымжан Ниязов.

Қайта жөндеуді, кеңейтуді, абаттандыруды қажет ететін нысандар - Ақшымырау ауылындағы «Қаралда балуан» спорт кешені, Шайырдағы «Қызғалдақ» бала бақшасы, Тиген елді мекеніндегі медициналық пункт, Жармыш ауылдық мәдениет үйі сынды ғимараттар. Автокөлік жолдары бойынша, Шетпе-Қызан автокөлік жолын қайта құрылымдау, Шетпе ауылы Ащыбұлақ шағын ауданындағы автокөлік жолының құрылысы, Шебір ауылішілік автокөлік жолы, Отпан тауына кіре беріс автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев ең алдымен жұмыссыздық, ауыз су, мектеп сынды мәселелерді шешу керектігін атап өтті. Ол үшін қарастырылған қаражатты да ең алдымен әлеуметтік салалардың негізгісіне жұмсау қажет.

-Облыс бойынша қаражат бөлу керек салалар жеткілікті. Ең алдымен жылу, сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жасалуы керек. Жоспарда көрсетілген салалардың ең басты дегендері айқындалып, талқыланып, әрі қарай жасалынатын жұмыстар тағы бір пысықталуы қажет. Бүгінде уақыттың, қоғамның талабы күннен-күнге артуда. Сондықтан, ең алдымен кезек күттірмейтін, халыққа күнделікті қызмет ететін салалар жандануы керек, - деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу қорытындысы бойынша аймақ басшысы ұсынылған жоспардағы жұмыстарды жандандырып, тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.

  • 07.12.2022
  • 217
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика