• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Этносаралық саладағы проблемалық мәселелер мен үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобы отырысы өтті

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті гибридті форматта этносаралық саладағы проблемалық мәселелер мен үрдістерді зерделеу жөніндегі жұмыс тобының «Этносаралық ксенофобия  және «өшпенділік тілінің» интернет кеңістігінде таралуы, сондай-ақ оның қоғамдық көңіл-күйге теріс әсері» тақырыбында отырысын өткізді.  

Отырыс АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкиннің, АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті басшылығының, Философия, саясаттану және дінтану институты, «Шаңырақ» ҚХА кафедралары қауымдастығы, ҮЕҰ өкілдерінің және өңірлердің ҚХА Ғылыми-сараптамалық топтарының қатысуымен өтті. 

Отырыс тақырыбы аясында сарапшылар интернет кеңістігінде этносаралық ксенофобия мен «өшпенділік тілінің» таралуы мәселелерін қарастырды, әлеуметтік желілердегі түрлі этностардың өкілдеріне қатысты кемсітушілік пен қорлаушы риторикадан туындайтын тәуекелдерді талқылады. Сарапшылар ақпараттық саладағы «өшпенділік тілі» дамуының және этносаралық саладағы шиеленістің алдын алу бойынша нақты шараларды ұсынды.

Атап айтқанда, Ғ. Шойкин әртүрлі этнос өкілдеріне қатысты теріс пікірлер мен бағалаулардың, қорлайтын риториканың артуын ескере отырып, мемлекеттік органдардың, сарапшылық қоғамдастықтың және ҮЕҰ-ның қатысуымен «өшпенділік тілі» дамуының алдын алу бойынша кешенді жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығымен бірлесіп әзірленген Қазақстандағы этносаралық «өшпенділік тілін» еңсеру жөніндегі «QazNetEtiquette» Әдеп кодексі және оны ел азаматтары арасында түсіндіру қажеттілігі туралы айтылды.

Сарапшы Ш. Джаманбалаева азаматтар арасында этносаралық ксенофобияға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру қажеттігін атап өтті, ал ғалым М. Шайкемелев этносаралық толеранттылық пен келісімді қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерде ксенофобияның алдын алу үшін оқу орындарында көпмәдениетті білім беруді енгізу қажеттілігі туралы пікір білдірді. Доцент Б. Божбанбаев жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларында «Қазақтану» пәнін жетілдіруді ұсынды.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ғалымдар ксенофобия фактілеріне қоғамдық реакцияның және әлеуметтік желілердегі ҚХА өкілдерінің белсенді комментарийлік жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар этносаралық қатынастардың өзекті проблемалары бойынша ғылыми-сараптамалық дискурсты жалғастырудың орындылығы туралы ортақ пікірге келді, бұл мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар үшін ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз факторларды еңсеру бойынша пәрменді ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

  • 07.12.2022
  • 269
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика