• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асады

Өңірде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бастау алмақ. Бұл 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындарына қолайлы шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі.

         Жастар бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы Астана қаласында өткен «Investment Aktobe – 2022» VII Халықаралық инвестициялық форумында айтылды.

         Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «Ақтөбе жастары» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

         Бағдарламаға әлеуметтік саланың, коммуналдық және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатыса алады. Өтініш берген кезде олардың жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы тиіс. Шарттары: ҚР аумағында соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үйдің болмауы, Ақтөбе облысында таңдалған салада ресми жұмыс өтілі – соңғы 12 айдан кем болмауы қажет.

         «Тұрғын үй жобасы Мемлекет басшысының қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылады. Жас отбасыларды, әлеуметтік сала қызметкерлерін, журналистерді жеңілдікпен тұрғын үймен қамтамасыз ету - біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Жасыратыны жоқ, Ақтөбе облысының  тұрғындары белгілі бір себептермен екінші деңгейлі банктерден пәтер сатып ала алмайды. Бұл бағдарлама оларға тиімді», - деді Ералы Тоғжанов. 

        «Соңғы бес жылда Отбасы банкінде жас салымшылардың депозиттік базасы 35%-ға өсті. Қазір 18 бен 35 жас аралығындағы 925 мың қазақстандық болашақта баспана алу үшін жинақ шоттарына ақша жинап жатыр. Бұл біздің жастардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім артатынын білдіреді. Біз оған қолдау көрсеткіміз келеді. Сондықтан әкімдіктермен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй бағдарламаларын белсенді түрде іске қосып жатырмыз. Ақтөбе облысы - тоғызыншы өңір. Жастар бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті әкімдік 300 млн теңге бөледі және сондай соманы Отбасы банкі де бөледі», - деп түсіндірді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

         «Ақтөбе жастары» бағдарламасы бойынша әлеуетті қарыз алушылардың тізімін облыс әкімдігі қалыптастырады. Мақұлданған жағдайда оларға жылдық 5%-бен қарыз беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна небәрі 10%-ды құрайды. Бағдарламаға қатысушы алатын несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңгеге дейін. Тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан сатып алуға болады.

  • 08.12.2022
  • 284
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика