- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысы IX азаматтық форумының пресс-релизі
2020 жылдың 19 қарашасында «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаевтың қатысуымен «Қоғам және мемлекет: ынтымақтастыққа және дамуға 30 жыл «Birgemiz» пленарлық сессиясы өткізілді.
Форумның жұмысына Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Б.Г. Нұрғазиева, ҚР Ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М.Д. Қожахмет, азаматтық қоғамдық институттарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Пленарлық бөлігінде қоғам және мемлекет диалогының жетістіктері мен перспективалары талқыланды.
Пленарлық сессия барысында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы қоғамдық қорының төрағасы М.С.Закировтың, «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Л. Шиманскийдің, қоғамдық мониторинг үйлестірушісі О.В. Баимовтың сөзі тыңдалды.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласында, сондай-ақ пандемияға қарсы күресі үшін «Ана үйі» ҚҚ асырауды қолдау орталығының өңірлік өкілі К.Г. Жұмабекова, Іскер әйелдер ассоциациясының жетекшісі Д.К. Қойшина, «Вера в добро» қорының үйлестірушісі Т.В.Спиглазова «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Үздік ҮЕҰ облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың ішінде «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Л. Шиманский, Ақмола облысы Азаматтық Альянсының төрайымы И.М. Терентьева бар.
Форум шеңберінде Ақмола облысы әкімінің «Қамқор-2020» сыйлығымен келесі номенациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру саласындағы тиімді ҮЕҰ» – «Ел бірлігі» ҚБ;
«Халыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы тиімді ҮЕҰ» – «СПИЦ «Шаңырақ» ҚБ, «Батыр» ҚБ;
«Балалар мен жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру саласындағы тиімді ҮЕҰ» – Ақмола облысының «ЖасҰлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдік ұйымы» ҚБ;
«Гендерлік саясатты жүзеге асыру және жанұялық құндылықтарды насихаттау саласындағы тиімді ҮЕҰ» – «Женский луч» ҚБ;
«Азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту саласындағы тиімді ҮЕҰ» - «SARA» ҚБ;
«Қайырымдылықты дамытудың саласындағы тиімді ҮЕҰ» – «Мейірім Бурабай» мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ, «Мы вместе» ҚҚ;
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы тиімді ҮЕҰ» – «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» ҚБ, «ӨМІР» отбасылық тәрбиелеу орталығы;
«Жастар саясатын және балалардың бастамаларын тиімді дамытудағы ҮЕҰ» - «Целина» ҚБ, Ақмола облысының «Жас отан» МК;
«Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы тиімді ҮЕҰ» - «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттардың бірлестігі» ҚБ;
«Еріктілік қозғалысын дамытудағы тиімді ҮЕҰ» - «Ақмола облысының LIDER.KZ еріктілік қозғалысы» ҚБ.
- 24.11.2020
- 331