• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов: Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – болашағы зор бағыттардың бірі

  Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірлік Кәсіпкерлік палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

         Алдымен өңір басшысы ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді. Мұнда ауылдың кәсіпкер әйелдері өз өнімдерін ұсынды. Олар жартылай фабрикаттар, шұжықтар, ашытылған сүт, нан-тоқаш өнімдерін жасап, құс өсіріп, қалыңдықтарға қыз жасауын тігумен айналысады.

         Облыс әкімі өңірде басталған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл әйелдерінің Ақтөбе кәсіпкерлерінің қатарын толықтыратынына сенім білдірді.

        «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «бизнесті жан-жақты қолдауды, ал оның дамуына кедергі келтіретіндерді жазалауды» тапсырды. Кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында мемлекет жаңа бағдарламалар енгізіп, белсенді шаралар қабылдауда. Бүгінде өңірлер арасында Ақтөбе облысы мемлекеттің қолдауына ие болған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша бірінші орында, оның ішінде 1975 кәсіпкер ұлттық жоба аясында қолдау тапты. 22 кәсіпкер 78,5 млн. сомаға өтеусіз гранттар алды. Қазіргі уақытта олар түрлі салаларда бизнесті табысты дамытып келеді», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

          Жалпы, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өңірде тіркелген шағын және орта бизнес нысандарының саны 17,3%-ға артып, 87 мың субъектіге жетті. Бұл сала 166 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

          «Мұның барлығы – бірлескен жұмыстың нәтижесі. Бүгін біз өз бизнесін белсенді түрде дамытып, қоғамдық істерге араласып жүрген әйелдер туралы көп естиміз. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту елдің экономикалық әлеуетін толық іске асыруға қол жеткізудің маңызды бағыты. Облысымызда тіркелген ШОБ субъектілерінің 40 мыңын немесе 45,8%-ын әйелдер басқаратыны қуантады. Былтырғы жылмен  салыстырғанда кәсіпкерлер саны 10 мыңға артты», - деді өз сөзінде облыс әкімі.

         Кездесу еркін диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды. Атап айтқанда, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған түзету балабақшасының құрылтайшысы Әлия Өмірзақова Ақтөбе қаласында мұндай мекемелердің санын көбейту қажеттігін алға тартты.

         «Бұл – өзекті мәселе. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Облыс аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбеде 300 баланы қамтитын жаңа арнайы түзету балабақшасын, сондай-ақ облыстық балабақшаларда 44 түзету тобын ашу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп атап өтті облыс басшысы.

         Іс-шара соңында Ералы Тоғжанов кездесуге қатысқан іскер әйелдерге туған өлкенің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіріп, ауылдық жерлерде бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлерге құрмет грамоталарын табыс етті.

  • 10.12.2022
  • 306
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика