- Блогтар
- Бурибаева Г.А.
Бурибаева Г.А.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы
Төмен көміртекті қала дамуы үшін БҰҰДБ-мен келісім
Биыл 21 қарашада БҰҰДБ мен «Даму» Қоры арасында Қазақстан Республикасы қала инфрақұрылымының энергия тиімділігіне инвестиция салуды ынталандыру механизмін жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының энергия тиімділігі, орнықты даму саласындағы климаттың өзгеру салдарын жұмсарту стратегиялық міндеттерін орындау мақсатында «Төмен көміртекті қала дамуы үшін ұлттық деңгейде тиісті шаралар» жобасы аясында келісім жасалды. Келісімнің қолданылу мерзімі - 2023 жылғы 30 сәуірге дейін.
Механизм аясындағы жобаларға қаржылай қолдау әрбір жаңа жобаға жаңартылмайтын несие желісі түрінде берілуі мүмкін. Бұл несие /микронесиелер мынадай инвестиция және/немесе айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына беріледі.
Бір жобаны қолдау – өтінім берушінің таңдауы бойынша қаржылық қолдаудың бір түрі аясында ғана ұсынылады. Қаржылық қолдау келесі құралдар түрінде жүзеге асырылады:
-Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
- Несие/микронесие бойынша кепілдіктер;
- Негізгі несиенің бір бөлігін субсидиялау.
- 12.12.2022
- 278