• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәжіліс «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобаларын таныстырды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта елдің агломерацияларында орталық қала мен оған іргелес аудандар арасында экономикалық дамуда, қаржылық және адами әлеуеттерде белгілі бір теңсіздіктер бар. Негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі болып табылады.

«Соңғы 10 жыл ішінде Астана қаласының халқы 59% пайызға, Алматыда 37%-ға, Шымкентте 67%-ға өсті. Ірі қалаларда халық саны мен жер аумағының өсуі бірқатар проблемаларды тудырып отыр. Олардың ішінде инфрақұрылымның барлық түрлеріне жүктеменің артуы, қаланың шет аймақтарында байламсыз түрде құрылыс салынуы, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының болмауы немесе дұрыс іске аспауы, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауы, инфрақұрылымдық, әлеуметтік, өнеркәсіптік және тағы басқа объектілердің тапшылығы сияқты тағы басқа да проблемалар», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша заңнамалық реттеудің болуы агломерациялар аумағында бірыңғай кеңістіктік жоспарлауды қамтамасыз етуге, басқару тетіктерін және бірлескен жобаларды іске асырудың «нақты ережелерін» енгізуге мүмкіндік береді.

«Үздік халықаралық тәжірибені қолдана отырып, Министрлік Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп тиісті заң жобаларын  әзірледі», деп толықтырды Ә.Қуантыров.

Негізгі заң жобасында «агломерация» терминінің анықтамасы және агломерацияларды анықтайтын тиісті критерийлер енгізіледі.
Агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлері:
Орталық қаланың әкімшілік мәртебесі
Демографиялық сыйымдылық
Логистикалық әлеует
Экономикалық әлеует

«Заң жобасы қабылданғаннан кейін осы өлшемшарттарға сәйкес «агломерациялар» ретінде Алматы, Астана, Шымкент және, мүмкін, тағы басқа облыс орталықтары да айқындалатын болады», - деп мәлімдеді ҰЭМ басшысы.

Республикалық деңгейде агломерацияларды дамыту жөніндегі мәселелер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Агломерациялар жөніндегі кеңестің қарауына шығарылатын болады. Өңірлік деңгейде Жергілікті агломерация кеңестері құрылатын болады.

Өңірлердің әкімдіктеріне 25 қосымша өкілеттік беріледі:
Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешуге қатысу
Тиісті келісімді дайындау және оған қол қою
Жергілікті агломерация кеңесін құруға және оның қызметіне қатысу
Агломерацияны дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу

Бұл өкілеттіктер орталық қала мен қала маңы аймағы арасындағы экономикалық дамудағы теңгерімсіздіктерді еңсеруге мүмкіндік береді.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
Қала маңы аймағын дамытудың Бас жоспарын іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді
Бас жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастырады
Сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің жобаларына келісім береді

Ұсынылған нормалар жоспарлауды синхрондау, қала маңындағы елді мекендердің аумағын және жер учаскелерін тиімді пайдалану үшін қажет.

«Ілеспе заң жобасында агломерацияны дамыту бойынша мынадай құзыреттер көзделген: қала маңындағы жердің сәулет және құрылыс саясатын әзірлеуге қатысу бойынша республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің өкілеттіктерін кеңейту. Іргелес облыстардың әкімдіктеріне астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін агломерация аумағында жер учаскелерін резервтеу жөніндегі құзыретті беру көзделеді. Бір деңгейдегі бюджеттерге өзара іс-қимыл жасасуға рұқсат беріледі», - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі.

Жалпы, ілеспе заң жобасында Бюджет және Жер кодекстеріне, сондай-ақ қолданыстағы 5 Заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда.

  • 13.12.2022
  • 311
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика