• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда ұлттық жоба аясында өз ісін бастаған кәсіпкерлерге гранттарды қаржыландыру 10 есеге ұлғайды

Кәсіпкерлерлікті, оның ішінде жастарды қолдауға арналған гранттарды қаржыландырудың жалпы көлемі 21 миллионнан 250 миллион теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар, қаңтар айында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру республикалық жобасын жүзеге асыру басталады. Азаматтар аталған гранттарды алу бойынша Кәсіпкерлік және сауда басқармасында, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында кеңес ала алады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Батырхан Қуанышбеков атап өткендей, биылғы жылы «Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 12 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан.

– Биыл «Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 мыңнан астам адам оқытылды. Келесі жылы жастарды қолдауға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру аясында 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. Жұмыспен қамтумен қатар, жастардың өзін-өзі дамытып, біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінуде, - деді Батырхан Қуанышбеков.

Өңір басшысы жастарды ынталандыру, білім және денсаулық сақтау салаларына жас мамандарды тарту үшін оларға жеңілдетілген баспана түрінде қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

  • 19.12.2022
  • 270
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика