- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының иегері атанды
14 желтоқсанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Президенттік «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл байқауға 281 үміткер қатысты.
«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша конкурс жеңімпаздары болып «Оптимум» жобалау институты және «Жамал ай LTD» ЖШС танылды.
Айта кету керек, «OPTIMUM жобалау институты» мұнай-газ саласындағы геологиялық барлау саласында жобалау және консалтингтік қызметтер көрсетуге маманданған. Сондай-ақ компания «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің мүшесі болып табылады, ұйымда 127 адам жұмыс істейді.
«Жамал ай ЛТД» ЖШС мекемесін Збира Хасанова басқарады. Компания 1993 жылы құрылған. Комбинезондар, қауіпсіздік аяқ киімдерін, күнделікті аяқ киімдер және трикотаж бұйымдарын шығарумен айналысады.
Арнайы «Іскер» сыйлығына - Шыңғыс Есбосыновтың мұнай кәсіпшілік жабдықтары мен бұрғылау құралдарын шығаратын және жөндеумен айналысатын «OSS KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны, сондай-ақ ЖК “Rakhim baby” жаңа туған нәрестелерге киім тігу цехы ие болды. Олар айына 4 мың жөргек, жаңа туған нәрестелерге арналған 2 мың жиынтық киім, 80 көрпе, 100 бесік комплектісін шығарады.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев лайықты марапаттар олардың алдағы табысты жұмысына оң серпін беретініне сенім білдірді.
Жеңімпаздарды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев құттықтады.
– Маңғыстаулық кәсіпкерлерге тапсырылған марапаттар отандық бизнестің қарқынды дамып келе жатқанынан хабар береді. «Алтын сапа» байқауына қатысу компанияларға қазақстандық нарықтағы танымалдықты арттыруға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар басқаларға шабыт береді. Бұдан әрі кәсіби табыстар мен жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға тілектеспін, – деді Нұрлан Ноғаев.
«Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін 2006 жылдан бастап жыл сайын конкурстық негізде беріледі. Кәсіпкерлікті дамытуда тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген бизнес-қауымдастық өкілдері бірқатар арнайы байқаулардың қорытындысы бойынша марапаттарға ие болуда.
- 19.12.2022
- 231