- Блогтар
- Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.
ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы
Ақпарат және қоғамдық даму министр Дархан Қыдырәлі БҰҰ Балалар Қорының (UNICEF) өкілдерімен кездесті.
Министр Қазақстанның жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Айта кету керек, ЮНИСЕФ пен министрлік бірқатар ортақ жобаны жүзеге асырды. Мәселен, жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамытуға бағытталған «Samgau» жобасын атап өтуге болады.
Өз кезегінде UNICEF-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззии-Вейл ханым халықаралық ұйым министрлікпен ортақ жобалар жасауға дайын екенін сөз етіп, әсіресе, жастардың психикалық денсаулығын жақсарту жағы мемлекеттік жобаларға енгізілсе деген ұсынысын жеткізді.
UNICEF-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аға кеңесшісі Нина Ференчич пен цифрлық психикалық денсаулық бойынша халықаралық сарапшы Викас Дави ұйым ұсынып отырған жастарға арналған инновациялық цифрлық онлайн кеңес беру платформасы туралы ақпарат берді. Тараптар бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге келісті.
- 19.12.2022
- 262