• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада «ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ!» атты VII Республикалық әкелер форумы өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Парламент депутаттары мен ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Д.Қыдырәлі: "Биылғы форумның «Отбасы – Ұлт тірегі» деп аталуының өзіндік мән-маңызы бар. Себебі отбасы – игі дәстүрлер мен тағылым-өнегенің, ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбиелік иниституттардың сақтаушысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады», – дегені белгілі. Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні де осында болса керек", - деді.

Сондай-ақ министр "Біз ата-аналардың, соның ішінде әкелердің рөлін социологияға сүйене отырып зерттейміз. Мәселен, «Қазақстан қоғамдық даму институтының» деректеріне сүйенсек, бүгінгі қоғамда әкелердің отбасындағы рөлі негізінен қаржылық және материалдық игіліктерге байланысты. Нақтырақ айтар болсақ, әкелер мынадай міндеттерді көбірек орындайды: 1) 50,4 пайызы отбасын материалдық жағынан қаматасыз етеді; 2) 21 пайызы отбасылық бюджетті басқарумен айналысады; 3) 9,6 пайыз әке балаларды үйірмелер мен спорт секцияларына апарады", - деп мәлімдеді.

Жиында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Әкелер одағы» РҚБ делегаттары қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен бірге іс-шарада ұлттық құндылықтар және патриотизм, бұқаралық спорт, инклюзия, өмірлік маңызды дағдылар, отбасылық білім және демалыс, мектептер жанындағы әкелер кеңестері тақырыптары талқыланды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша әкелер институтын дамыту және осы саладағы қордаланған мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар мен сарапшылар пікірлерінің жиынтығы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға орындау үшін жолданатын болады.

  • 19.12.2022
  • 285
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

Қамбаров Қ.Т.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика