- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Жаңа инвестициялық жобалар іске серпін беруде
Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы мен облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосында бірнеше кәсіпорындар мен тұрғын үй алаңын аралап, инвестициялар тарту және абаттандыру жұмыстарымен танысты.
«Қазақстан агро инновациялық корпорациясы» ЖШС өндірісін кеңейтіп, заманауи жайлы цехтар мен қоймалар салуда. Оларда қазір құрал-жабдықтарды құрастыру, сырлаумен байланысты «лас жұмыстар» «таза» жұмыстан бөлініп шыққан. Корпорацияда 48 модульдік техника үлгісі бар. Мұнда негізінен қызмет көрсету, қосалқы бөлшектер, сатумен айналысу жолға қойылған.Биылдың өзінде ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканы құрастыруға ден қойған кәсіпорын ресейлік және беларусь өндірушілерімен бірлесе отырып, 1600 МТЗ тракторын құрастырды.
–Бізде «экипаждың шығуы» әзірленді, енді техниканы фермерге өзіміз әкелеміз, – деді облыс әкіміне жаңа қызметтерді таныстырған «КАИК» ЖШС-ның бас директоры Олег Балыбин.
– Жылды қорытындылай келе, «көз қорқақ, қол батыр» дегендей, сіздің компания дамуда өте жақсы серпіліс жасады деп есептейміз, – деді Ермек Маржықпаев.
Кәсіпорын басшылары 3,5 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылғанын баса айтты. Мәселен, салқындатқыш қондырғыларға 200 миллион теңгеден астам инвестиция тартылса, құны 1-1,2 миллиард теңгені құрайтын жаңа өндірістік қондырғылар іске қосылып, 100 миллион теңгенің жүк көтергіш механизмдері жабдықталды. Компания құны 1,2 миллиард теңгеге жуық бояу кешенін сатып алады.Олег Балыбин алдағы жылы облыс әкіміне жаңа жобаны таныстыруға уәде берді.Бүгінде KAIK жасанды интеллектімен робот дәнекерлеу кешенін өндіріске енгізуде. Директор өз сөзінде, жұмыс орындарының көбейгенін атап өтті. Қазір ЖШС 280 адамды жұмыспен қамтып отыр. Екінші блок ашылған бойда тағы 70 адам тұрақты жұмысқа орналасса, үшінші блок іске қосылғаннан кейін тағы 120 ақмолалық жұмыспен қамтылады екен.
Қазіргі таңда бәсекеге қабілеттілік артуда. Мәселен, «Асыл Арман» ЖШС-інде Ермек Маржықпаевқа жаңа жоба таныстырылды. Күні кеше ғана кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын ұлғайтқан. «Новопэк» сауда белгісімен өңірге белгілі зауыттың жаңа алаңы«Kokshe city» 3,5 мың шаршы метрге өскен. Кәсіпорынды кеңейтуге құйылған инвестиция көлемі 2 миллиард теңгеге жуықтаған. Бұл нысанда айына 5 миллион дана полипропилен қапшықтар өндіріліп, ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталады. Жалпы, ЖШС бюджетінен қызметкерлерге арналған жатақхана құрылысына 380 миллион теңге жұмсалған. Келер жылы жалақы қорын 240 миллион теңгеге арттыру жоспарлануда.
– Биыл біз «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының арқасында көп нәрсені жүзеге асырдық. Барлық экономикалық қауіп-қатерге қарамастан, көптеген қазақстандық компаниялардың арасында өсіп келе жатқан Көкшетау кәсіпорнымен мақтана аламыз. Біз үшін бүгінгі күннің басты мәселесі Өзбекстан және Қырғызстанмен өте үлкен бәсекелестік, – дейді «Асыл Арман» ЖШС-ның бас директоры Рүстем Усманов. – Біз компанияның күшті маркетинг және сату командаларының, сондай-ақ, оның айтарлықтай өндіріс көлемінің арқасында өмір сүріп жатырмыз.
– Қазір білікті мамандар мен жұмыс істейтін жұмыс қолдары үшін үлкен күрес жүріп жатыр, сондықтан, еңбекақы кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне басты ынта болып табылады, – деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.
Өз кезегінде Застанционный кентінің Өндіріс көшесінің тұрғындары облыс әкіміне жолдар мен жарықтандыру жұмыстарына байланысты арнайы алғыстарын айтты. Жыл басында ауыл белсенділеріоблыс басшысының қатысуымен өткен жиында болған. Соның нәтижесінде жаз бойы бұл аумаққа 3 шақырым көше жарығы орнатылған. Алдағы жылы асфальт төсеу жоспарлануда. Сонымен қатар, Бейбітшілік ықшам ауданындағы жеке сектордың тұрғындары, олардың ішінде қариялар да бүгінде орталықтандырылған суды пайдаланып, жолдар кезең-кезеңімен ретке келтіріліп, шағын ауданда 6 және 25 автобустар тұрақты қатынайтыны үшін облыс басшысына ризашылықтарын білдірді.
– Қаламыз өсіп келеді, дұрыс дайындалып, бір жарым жылдан кейін Көкшетаудың 200 жылдығын үлкен тоймен емес, игі істермен қарсы алуымыз керек, – деп баса айтты Ермек Маржықпаев.
Облыс әкімі Краснояр ауылындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, тұрғындармен әңгімелесті. Сонау көктемде үйлерде ауыз су, қалыпты жол жоқ болатын. Бүгінгі таңда 2700 метр су құбыры желісі тартылып, жөнделген жолдардың ұзындығы 12,6 шақырымды құрайды.Көгалдандыруға да 600 миллион теңге жұмсалған.
– Бүгінгі таңда Краснояр ауылына қыруар қаржы бөлініп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, әлі де көп міндеттер бар. Жылдамдатып екі жылға әрі жоспарлап отыру керек, – деді жауапты қызметкерлерге Ермек Маржықпаев.
Облыс әкімі «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында Краснояр кентіндегі Абылай хан көшесінде салынып жатқан сапалы да жайлы 30 тұрғын үйдің құрылысына оң баға берді. Олар орталық ауыз сумен жабдықтауға қосылған және автономды жылытуға ие. Үйлердің айналасында жақсы үй бақшалары жоспарланған. Олардың құны салыстырмалы түрде 15 миллион теңге. Сұраныс жақсы. Құрылыс салушы «СК Монолит 2018» ЖШС-ы қазірдің өзінде 27 үйді сатқан.Сондай-ақ, өңірбасшысы ауылдық әкімдіктің бірінші қабатының ағымдағы жөндеу сапасына баға берді, оған 8 миллион теңге жұмсалған. Әкімшілік ғимарат «ашық әкімдік» форматында жұмыс істейді. Мұнда бір терезе қағидаты бойынша барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға, әлеуметтік көмекке жүгінуге, пошта қызметтерін пайдалануға болады.
Ермек Маржықпаев ауылдық блок-модульдік қазандықтың жұмысын да тексерді. Төрт қазандық 87 мың шаршы метр тұрғын үй қорын жылытады. Биыл оларды күрделі жөндеуден өткізуге 50 миллион теңге инвестиция тартылған.
– Ауыл өсіп, үйлер салынып жатыр, болашақта бұдан да кеңейе түсуді ойластыру керек, – деді өңір басшысы.
«Көкшетау жылу» кәсіпорнының бас директоры Руслан Мақышевтың айтуынша, ауылда жанармай бар, қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. Тариф Көкшетау қаласындағыдай, дегенмен, ол көлемі аз болғандықтан, жоғары болуы керек, сондықтан, кәсіпорын қазір шығынмен жұмыс істеп жатыр.
- 20.12.2022
- 275