• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: МАЭК-ті жаңғырту - өңір үшін маңызды болып табылады

Бүгін, 20 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен жиында МАЭК модернизациясын жеделдету және аймақтағы су, жылу құбырларын жаңарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Абдеш Түркменбаевтың айтуынша, кәсіпорынды жаңғырту аясында құны - 127,7 млрд.теңге құрайтын 6 жобаның құрылысы және жаңғырту жұмыстары іске асырылмақ.

-Кәсіпорын облыстық коммуналдық меншікке берілген соң, энергетикалық жабдықтарға техникалық аудит жүргізіледі. Тәулігіне 24 мың текше метр су тұшытатын қондырғы құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына берілді. Бу-газ қондырғысының құрылысы электр энергиясы қуатына арналған жеке инвестициялық тариф арқылы іске асырылмақ. Бүгінде ҚР Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімдер жасақталды, - деді басқарма басшысы.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев комиссия құрып, оған энергетика саласының ардагерлерін тартуды тапсырды.

– МАЭК-тегі жабдықтардың 80 пайыздан астамы тозған, барлығын жаңғырту үшін үлкен инвестиция қажет. Ол үшін сала ардагерлерін тарта отырып, кәсіпорынды дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын, қажет болған жағдайда басқа өңірлерден де білікті мамандарды шақыру қажет, – деді облыс әкімі.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жылу желілерін қайта жаңғырту да МАЭК мекемесін жаңғырту мәселесі секілді басым бағыттардың қатарында.

– Жылу желілерінің тозуы 88 пайызды құрайды. 9 блокты қазандық орнату электр станциясына түсетін жүктемені азайтпақ. Барлық әлеуметтік салада жұмыс көп, бірақ МАЭК шұғыл әрекет етуді талап етеді. Тұтынушылар арасында ашық қарым-қатынас орнату да маңызды. Коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

  • 21.12.2022
  • 409
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика