• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленеді

Каспий теңізінің әлеуетін тиімді пайдалану үшін балық азығын өндіруде жаңа әдістерді қолдану қажет. Қазақстандағы балық шаруашылығын дамытуға не көмектесетінін ірі балық шаруашылығының басшылары тәжірибе алмасу бойынша өткен бірінші өңіраралық кеңесте талқылады. Іс-шара Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен 20 желтоқсан күні Ақтау қаласында өтті.

Жиынға Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы Мирас Ғаббасов, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері, аудан әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Шараға қатысушылар балық шаруашылығының экономикадағы маңызды салалардың бірі болып табылатынын, экономикалық өсім мен халықты жұмыспен қамтудың негізі екенін атап өтті. Мамандардың айтуынша, балық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Десе де, бұл процеске кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселелер бар дейді балық шаруашылығы саласының мамандары.

Өңір кәсіпкерлері балық сақтайтын арнайы мұздатқыш қоймалардың жоқтығын, сондай-ақ білікті мамандардың тапшылығын атап өтті.

– Кадр жетіспеушілігінен бөлек, елімізде өндірілетін балық жемінің жағдайын да талқылауымыз керек. Өкінішке орай, сапасы төмен болғандықтан, біз жем-шөпті шетелден сатып алуға мәжбүрміз, бұл түпкілікті өнімнің өзіндік құнына әсер етеді, - дейді кәсіпкер Тұрсынгүл Жақыпова.

Экология министрлігі балық шаруашылығы комитетінің акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы Мирас Ғаббасовтың айтуынша, қазіргі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы елімізде балық өндіру мен тұтынуды арттыруға тиіс.

-Балық шаруашылығын жүргізу үшін келесімшартты жасау мерзімі 49 жылға өзгертілді, осылайша бизнеске ұзақ мерзімді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік жасалмақ, – деді. Оның айтуынша, осыған дейін келісімшарттар мерзімі 5 жылдан 49 жылға дейінгі аралықта болған.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өңіраралық тәжірибе алмасуда әр өңірдің ерекшелігін ескеру керектігін атап өтті. Талқылау барысында сарапшылар бүкіл ел бойынша балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін ортақ шешімге келе алуы керек.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қарашада Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуінде өңірдегі балық шаруашылығының әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Өткен жылдың сәуір айында үкімет балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын қабылдап, облыста 2030 жылға дейін өсірілетін балық көлемін 100 мың тоннаға арттыру жоспарлануда. Қажетті құзыреттері, білімі, балық аулау, өсіру және қайта өңдеу бойынша тәжірибесі бар шаруашылық жүргізу субъектілермен байланыс және тәжірибе алмасу балық өнеркәсібінің дамуына оң әсер етуі тиіс. Кездесудің нәтижесі болуы да керек, – деді Нұрлан Ноғаев.

Отырыс нәтижесінде жиналғандар бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Енді Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленбек.

Айта кетейік, бүгінде Маңғыстауда 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін ұлғайту үшін 218 миллиард теңгенің сегіз жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

  • 21.12.2022
  • 266
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика