• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Теректі ауданының тұрғындарымен кездесті

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

Кездесу барысында азаматтар кентішілік жолдардың жай-күйіне, емхана құрылысына және бірнеше ауылдың әлеуметтік нысандарын газдандыруға байланысты мәселелерді көтерді.

Теректі ауылының тұрғындары жолдардың нашар жағдайына шағымданды. Өз кезегінде, вице-министр келесі жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде Теректі ауданындағы кентішілік көшелерді жөндеуге бағытталған 4 жобаны іске асыруға 223 млн. теңге бөлу жоспарланғанын айтты.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және Приречное

елді мекендерінің әлеуметтік нысандарын газдандыру мәселелерін көтерді. Б.Омарбеков 2023 жылы мектепті, ауылдық клубты, фельдшерлік-акушерлік пунктті және Приречное ауылы әкімдігін газдандыру үшін қазандықтар салуға 80 млн. теңге бөлінетінін атап өтті. Қалған елді мекендерді газдандыруға арналған қаражатты жергілікті бюджеттен бөлу қажет екендігін жеткізді.

Теректі ауылында жаңа емхана салуға келетін болсақ, бұл жобаны іске асыру алдағы 2 жылға жоспарланған. Бір ауысымда 200 адам қабылдай алатын нысанның жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Халықпен кездесуден соң Б.Омарбеков аталған емхананың құрылысын тексерді.

Ақсай қаласында Ұлттық экономика вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады. Жергілікті кәсіпкерлер электр және су желілерінің жағдайына наразылығын білдірді. Олардың айтуынша, қалада апаттық жағдайлар жиі орын алады.

Б.Омарбеков атап өткендей, электр желілерінің тозуы мәселесін жергілікті бюджет есебінен шешу жоспарланып отыр, ал мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін республикалық бюджеттен су құбырларын реконструкциялауға қаражат бөлінуі мүмкін.

Жергілікті мектеп мұғалімі білім беру саласындағы мамандардың жетіспеушілігі туралы айтып, қаланы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қосуды сұрады. Вице-министр моно және шағын қалаларды дамыту жөніндегі бекітілген Жол картасы шеңберінде аудандық маңызы бар қалаларға әлеуметтік сала мамандарын тарту және оларға «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қаржылық қолдау көрсету жөніндегі мәселені пысықтау жоспарланып отырғанын хабарлады.

Бұдан басқа, Ақсай қаласының әкімдігі қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу және Бөрлі ауданының Бөрлі ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуге «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде шамамен 140 млн. теңге бөлу мәселелерін көтерді.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында барлығы 416 ауылдық елді мекен бар. 2021 жылы 18 ауылда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге 36 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы 31 ауылда 48 жобаны іске асыруға 7,7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

  • 22.12.2022
  • 295
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика