• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде Студенттер үйі ашылды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Эрудит» студенттер үйінің ашылуына қатысты.

Өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған бірінші жатақхананың құрылысына кәсіпкер 750 млн теңге  көлемінде инвестиция салған. Жоба «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылды.

Енді мұнда 620 студент айына 35 мың теңге төлеп тұра алады.

Жаңа Студенттер үйінде медициналық пункт, жаттығу залы, әртүрлі іс-шаралар өткізуге арналған конференц-зал бар. Сондай-ақ жастар караокеде ән айтып, туған күндерін өткізетін алаң да қарастырылған.

Өңір басшысы кәсіпкерге осында тұратын студенттерге болашақта табыс табуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік негіздері мен қосымша мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Ералы Тоғжанов «Дару» оңалту медициналық орталығының жұмысымен танысып, жоғары технологиялық жабдықтарды қарап, ем қабылдап жатқан науқастармен әңгімелесті.

Медициналық мекеме 2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған.  Емхана келушілерге амбулаторлық және стационарлық мамандандырылған көмек көрсетеді.

Облыс әкімі халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын сұрап білді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласына, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде медициналық мекемелердің құрылысы жүргізіліп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алынуда. Дәрігерлердің біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелде білімін жетілдіру бағытында да  барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Барлық шаралар халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін жасалып отыр. Бұл — ең өзекті  мәселелердің бірі», —  деді облыс әкімі емхана ұжымымен әңгімелесу  барысында.

Сондай-ақ Ақтөбеде «Gold Fitness» жаңа орталығы есігін айқара ашты.

Жоба құны — 700 миллион теңге. Мұнда спортпен айналысуға, жеке жаттығулар жасауға барлық жағдай жасалған.

 

  • 27.12.2022
  • 275
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика