- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика вице-министрі ХВҚ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
Бүгін Астанада Абзал Әбдікәрімов Халықаралық валюта қорының аға экономисі Пьерпаоло Гриппа және Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия аймағы бойынша аға қаржы сарапшысы Пьетро Каличемен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында ХВҚ және ДБ өкілдері Миссияны өткізу мерзімдеріне, сондай-ақ оның негізгі мақсаттарына қатысты ақпарат ұсынды.
Атап айтқанда, нарықтың тұрақтылығы мен сенімділігін және оның ел экономикасының дамуына әсерін бағалау үшін қаржы секторына талдау жүргізу жоспарлануда. Бағалау нәтижелері бойынша ХВҚ және ДБ қаржы секторын одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын бермек.
Өз кезегінде А.Әбдікәрімов елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға келісті.
- 28.12.2022
- 164