• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Алматы қаласына жұмыс сапары, Наурызбай ауданы.

Кездесу барысында Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары жазғы кезеңде ауыз судың жетіспеушілігіне шағымданды. Олардың айтуынша, су тазарту станциясын осы жылдың басында пайдалануға беру жоспарланған болатын. Алайда нысан әлі іске қосылмады.

І.Өсеровтің сөзінше, құрылыс жұмыстарының кешігуіне әсер еткен себептердің бірі - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің тұрақты пайдалану құқығын беретін мемлекеттік актіні тек 2022 жылдың мамыр айында берген. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың маусым айы. Ол жобаға барлығы 6,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 5,3 млрд. теңге игерілді.

Өз кезегінде "Абай саяжайлары" шағын ауданының тұрғындары сол жерде орналасқан үйлерді бұзу мәселесін көтерді. Вице-министр атап өткендей, Алматының шет аймақтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Абай даңғылы мен Төле би көшесін тесіп өтуге бөлінген шекарада 343 объект тұр. Қазірдің өзінде 3,7 млрд. теңге сомасына 116 нысан сатып алынды, 756 млн. теңгеге 17 нысан сатып алынады, 27 үй бойынша мәселелер сот тәртібімен шешіледі, тағы 192 нысан бойынша шешім қабылданған жоқ.

Бұдан бөлек қала тұрғындары коммуналдық желілердің тозуына, көшелерді жарықтандыру мәселелеріне, пәтер иелері кооперативтері жұмысына шағымданды. Барлық мәселелер бойынша әкімдік нақты жұмыс жүргізетін болады.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады. Алматы қаласы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің мүшесі осы орган қызметкерлерінің мәртебесін өзгерту және жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Жалақы бүгінгі күні шамамен 80 мың теңгені құрайды.

«Сіздің сұрағыңызға келетін болсақ, мұнда комитет туралы ереже әзірлеу қажет. Ережеде оның өкілдеріне мемлекеттік қызметші мәртебесін беру, сондай-ақ жалақыны көтеру туралы тармақтар көрсетілу керек. Кейін құжат қалалық мәслихаттың қарауына шығарылады», - деп жауап берді І.Өсеров.

Ақжар шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысына келетін болсақ, Ұлттық экономика вице-министрі бүгінгі күні 19 км су құбыры мен 15 км кәріз құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, Ақсай су тазарту станциясының құрылысы басталғанын атап өтті. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін 2025 жылы Ақжар, Таужолы, Тастыбұлақ және Шұғыла шағын аудандарының 100 мың тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Жалпы 20,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 5 млрд. теңге ағымдағы жылы бөлінген.

Сондай-ақ, І.Өсеров Қарғалы мен Ақсай су тарту нысандарының құрылысына қаржыландыру толық көлемде бөлінгенін атап өтті. Жалпы, өңірлерді сумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындар көтерген барлық мәселелер әкімдіктің бақылауына алынып, қажет болған жағдайда Үкімет тарапынан қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар енгізілетін болады.

  • 28.12.2022
  • 198
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика