- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ералы Тоғжанов: «Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру — ортақ міндетіміз»
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашевбарлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен өңір активімен кездесті. Облыс әкімдігінде өткен жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолдау мен сапалы іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталған Төлеубек Мұқашев халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы қолдау бойынша тиімді жұмыс жүргізу қажеттігін алға тартты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» Жолдауында және «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсартуға ерекше назар аударды.
Біздің алдымызда Жаңа Қазақстан құру міндеті тұр. Қазақ халқының, мемлекетінің болашағы үшін барлық қажеттіні жасайтынымызға сенімдімін», — деп атап өтті «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
«12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді. «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Оны сапалы орындап, іске асыру — ортақ міндетіміз».

Президенттің тапсырмаларын ескере отырып, облыстық мәслихат сессиясында өңіріміздің экономикасын дамыту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және тұрақтылықты сақтау жолдары талқыланды. Алдағы 3 жылға арналған бюджет бекітілді. Бюджет қаражатының 64,3%-ы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар нақты шаралар қабылданған.
Тұрғындардың 98%-ы таза ауыз сумен, 93,4%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген. 536 шақырым жол жөнделді, жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 72%-ды құрайды.
Экологиялық мәселелер де өз шешімін табуда: 2023 жылға кәріздік тазарту қондырғысы құрылысын салу, сондай-ақ «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның 85 млрд теңге сомасына экологиялық жобаларын іске асыру жоспарланған.
33 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, оның 48%-ы - тұрақты жұмыс орындары.
Өңірде әлеуметтік саланың инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін 4 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық пункт пайдалануға берілсе, келер жылы Хромтау, Мұғалжар, Шалқар аудандарында көпбейінді ауданаралық ауруханалардың құрылысы басталады. «Ауыл – ел бесігі» аясында 1,2 млрд теңгеге 6 нысанға күрделі жөндеу және құрылыс жүргізіледі. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі жыл ішінде 29 ауылдық елді мекенде заманауи денсаулық сақтау нысандары пайда болады.
Сондай-ақ, 14 жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізілуде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы 3 жыл ішінде тағы 20 мектеп салынады. Бұл апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.
«Біз тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және өңір тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау үшін барлық салаларда жұмысты жалғастырамыз.
Өңір экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 21,3%-дан 25%-ға дейін арттыру мақсатында 2023 жылы кемінде 1 трлн. теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Елді мекендерді сумен жабдықтау және газдандыру жөніндегі жобаларға 20 млрд теңге бағытталады. 763 шақырым автожолдарды жөндеу және салу бойынша 129 жол жобасын іске асырамыз. «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы — еліміздің бүгіні мен болашағын айқындайтын маңызды құжат. Сондықтан біз жоспар-жобаларды құрумен ғана шектелмейміз, барлық бағыттар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз», — деп атап өтті өңір басшысы.
Кездесу барысында мәслихат депутаттарының Президенттің сайлауалды бағдарламасын қолдау және іске асыру жөніндегі үндеуі қабылданды.
Жиын соңында еңбек ардагерлеріне, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан ақтөбелік азаматтарға «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы», «Жыл адамы» атақтары берілді. Сондай-ақ «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және т. б. медальдарымен марапатталды.
- 28.12.2022
- 168