- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2022 ж. 29 желтоқсан – 2023 ж. 03 қаңтар аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,52м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,15м-ден 28,99м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,92м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,60м-ден 29,41м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2022 ж. 22-28 желтоқсан аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,57м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,18м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,95 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,81м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,56м-ге, ең төменгі мәні минус 29,37м-ге сәйкес келді.
- 04.01.2023
- 266