• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Алимбаева Д.К.
2023 ж. қаңтар айына арналған ауа райы болжамы

Қаңтардың бірінші онкүндігінде Қазақстанда қарқынды Атлантикалық және Оңтүстік циклондардың әсерімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында қарқынды қар жауып, бұрқасын болжанады, оңтүстік жартысында - жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), оңтүстік және шығыс аудандарында қатты жауын-шашын жауы мүмкін. Республиканың оңтүстік-батыс жартысында тұман және көктайғақ болуы ықтимал. Белсенді циклондармен Қазақстанның басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-дейін күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде -15-25°С-тан          -3-12°С-қа дейін, күндіз -7-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін; еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5-15°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан +1+8°С-қа дейін ауытқиды деп болжануда.

Еліміздің батыс аудандарында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -15-25°С-қа дейін, күндіз -3+8°С-тан -10-20°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі. Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоннын әсерінен ауа температурасы түнде -20-30°С-қа, күндіз -10-18°С-қа дейін, республикамыздың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде -10-20°С-қа, күндіз -5-15°С-қа дейін төмендеуі болжанады.

Консультативті болжамға сәйкес 2023 жылдың қаңтар айының екінші және үшінші онкүндігінде  Қазақстанның басым аумақтарында ауа райы жиі өзгеруі, аязды күндер жылы күндермен ауысып, қарлы боранмен, бұрқасынмен және екпінді желмен күтілуде.

Оңтүстік циклондардың әсерінен қарқынды жылу толқындары байқалады, бұл кезде ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында күндіз -5+2°С-қа, оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +2+12°С-қа дейін жоғарылайды.

Ал солтүстік-батыс антициклоннын енуіне байланысты карқынды суық толқындар болжанады, бұл кезде ауа температурасы республикамыздың солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С-қа, күндіз -15-25°С-қа дейін, оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С-қа, күндіз -3-15°С-қа дейін төмендейді.

Ескерту: бір айға арналған болжам консультативтік ретінде пайдаланылуы керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік пен 2-3 күндік ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

  • 04.01.2023
  • 312
Алимбаева Д.К.

«Қазгидромет» РМК бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика