• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаланы қардан тазалау мәселелері – Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында

Жылыту маусымының өту барысы және Ақтөбедегі жолдарды қысқы мезгілде күтіп-ұстау мәселелері облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Жиынға жолдарды қардан тазартуға, қала аумағының санитарлық жағдайына, қоқыстарды шығаруға жауапты мемлекеттік органдар мен мердігерлік ұйымдардың басшылары қатысты.

Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. 1-3 қаңтар аралығында облыс бойынша электр желілерінде 27, тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі жылу желілерінде тағы 3 технологиялық ақаулар тіркелді. Барлығы тез арада қалпына келтірілді. Халықты және әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз етуде проблемалар жоқ.

Облыс әкімі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды жылу энергиясымен қамту мәселелерімен айналысатын басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмыстарына қанағаттанбайтынын жеткізді. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы нысандардың тек 17 пайызында, соның ішінде көппәтерлі үйлерде жылыту маусымына дайындық паспорты бар. Бұл мәселе жүйелі шешімді талап етеді, деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Жүйелі жұмыс қала жолдарын қардан тазарту мәселесіне де қажет.

«Қыс мезгілінде жолды пайдалану – ең қиыны. Автожолдарды қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр, алайда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстарды күшейту қажет», - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, 1-4 қаңтар аралығында Ақтөбеде 1,5 айлық жауын-шашын мөлшері түскен. Облыс әкімі шаһар аумағынан қарды жедел шығару жұмыстарына ірі өндірістік кәсіпорындардың техникасын да тартуды тапсырды. Қысқы жол күтіміне тартылған мердігерлік ұйымдардың жұмысына жеке-жеке баға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі мердігер ұйымдардың техникалары мен жұмысшылар санын, олардың  бар-жоғын тексеруді тапсырған болатын. Нәтижесінде, бірқатар компанияларда техниканың нақты саны мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу кезінде мәлімделген деректерге сәйкес келмейтіні анықталды. Ал қолда бар арнайы техниканың жай-күйі көңіл көншітпейді.

«Жауапсыз мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданады. Келер жылы тендерлерге қатысу шарттары өзгеше болуы керек. Міндеттемелеріне немқұрайлы қараған  компания бірде-бір жұмысқа тартылмауы тиіс, барлық техника конкурс аяқталғанға дейін тексерілуі керек», - деп тапсырды облыс әкімі.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов жеке аумақтардан қар шығаруды қамтамасыз етуді жауапты басшыларға міндеттеді. 

«Алдағы күндері де жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Шағын және орта бизнестің барлық субъектілері қысқа мерзімде өз аумақтарын, оның ішінде іргелес аумақтарды тазалап, жолдардың жанына қар қоймай, оны дереу арнайы полигонға шығаруы тиіс», - деді өңір басшысы.

Қоқыс шығаратын ұйымдардың алдына қаланың контейнерлік алаңдарындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тез арада шығару міндеті қойылды.

  • 05.01.2023
  • 307
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика