• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЭМ басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді

Кербұлақ ауданы

Жоламан ауылында Әлібек Қуантыров 3000 басқа арналған мал бордақылау кешенінде болды. Кәсіпорын 2016 жылы пайдалануға берілді. Жылына 1373 тонна сиыр етін өндіре алатын кәсіпорын «ҚазАгроҚаржы» АҚ алдындағы қарызына байланысты 2019 жылдан бері жұмыс істемейді. Нысан қазіргі уақытта сатылымға шығарылған. Дегенмен, инвесторлар құны төмендеген жағдайда ғана сатып алып, бордақылау кешенін дамытып, іске қосуға дайын.

Ұлттық экономика министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на мәселені шешу жөнінде тиісті тапсырма берді.

Сарыөзек ауылында ҰЭМ басшысы жылына 1,3 млн. тонна өнім шығаратын «Alacem» цемент зауытының жұмысымен танысты. Жетісу өңірінің Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорын тікелей шетелдік инвестиция есебінен жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанындағы жағдай бойынша, зауыт 33 млрд. теңгеден астам өнім өндірді. Кәсіпорын ең озық технологиялардың арқасында атмосфераға шығарындыларды азайтты. Зауытта 587 адам жұмыс істейді. Бюджетке түсетін салық түсімдері жылына 3 млрд. теңгеден астам. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмыс істейді.

Сарыөзекте Әлібек Қуантыров «Ауыл — Ел бесігі» шеңберінде 315,1 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілген А.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде болды.

Көксу ауданы

Ақшатоған «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруда үлгілі елді мекендер қатарында. Мұнда жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету және жарықтандырумен қатар, ауысымына 20 адам қабылдайтын Фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Жобаның құны 142,3 млн. теңгені құрайды. Екі ай ішінде мұнда тар профильді 14 маман жұмысқа қабылданды. Нысанның материалдық-техникалық жабдықталуы КТ аппаратымен толықтырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде №5 орта мектебіне және соған қарасты мектепке дейінгі шағын орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл Ақшатоған ауылындағы жалғыз мектеп. Аталған білім ордасы 1990 жылы салынған. «Ауыл – Ел бесігі» аясында 2021 жылы 494,2 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Мектепте 25 балаға арналған шағын орталық және спорт залы бар.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы Балпық би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Жобаның құны 702,3 млн. теңгені құрайды. Бұл нысан «Ауыл – Ел бесігі» аясында салынды. Балалар үшін күрес, бокс секциялары, сонымен қатар волейбол үйірмесі мен спортзал бар.

  • 06.01.2023
  • 321
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика