• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады

Азаматтарды жеке қабылдау кезінде Балпық би ауылының жаңа шағын ауданында кәріз желілерін, Мұсабек ауылы және Көксу станциясында Мәдениет үйлерін салу, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру мөлшерін ұлғайту мәселелері көтерілді.

Алғашқы екі мәселе бойынша ҰЭМ басшысы тиісті бюджеттік өтінімді дайындау қажеттігін мәлімдеді. Сұрақтар қолданыстағы заңнама аясында қаралатын болады.

Төлем көлемін арттыру бойынша ведомство басшысы бұл мәселе қазірдің өзінде министрлікте қаралуда деп еске салды. Көтерме жәрдемақыны 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін, ал тұрғын үй сатып алуға несиені 1500 АЕК-тен 2000-2500 АЕК-ке дейін арттыру көзделуде.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында тарифтерді құру, салық және бюджет саясаты мен жоспарлау, инфляцияны тежеу, мемлекеттік сатып алу, аграрларды субсидиялау, газдандыру, сондай-ақ жеке меншік мектеп мұғалімдеріне санат бойынша үстемеақы алу мәселелері көтерілді.

Атап айтқанда, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің өкілі Баниямин Файзулин қалдықтарды жинау алымы саласындағы реттеушілік ықпалды талдау қажеттігін алға тартты. Өз кезегінде Ә.Қуантыров ҰЭМ-нің де РӘТ жүргізуді талап ететінін және осы реттеушілік ықпал ету рәсімі арқылы қандай да бір іс-шаралар өткенін, не бизнестің жағдайын нашарлататын немесе жұмысын қиындататын заңнамаға өзгерістер енгізілуін қолдайтынын айтты.

«Вместе мы – сила!» Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Әділ Қазақпаев микро- және шағын бизнестің проблемалық мәселелерін шешу бойынша бірқатар ұсыныстарды жазбаша түрде қарауға жолдады. Соның ішінде салықтық әкімшілендіру, ҚҚС төлеу, ПТС ставкалары және т.б. мәселелер қамтылған. Бұған ҰЭМ басшысы ұсыныстарды қарастыруға уәде беріп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі деңгейінде бизнес өкілдерімен тұрақты онлайн кездесулер барысында бұл мәселелерді шешу мүмкіндігін мәлімдеді.

Балпық би ауылындағы 200 келушіге арналған Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын салу жобасының бас мердігері «Нұр-Шапағат құрылыс» ЖШС Дәурен Сәбитов құрылыс материалдары мен жұмыстардың қымбаттауына байланысты жоба құнының көтерілу мәселесін көтерді. Сонымен бірге, келісім-шарт құны 414 млн. теңгені құрайтынын, оның сараптамасы 2020 жылдың наурыз айында жүргізілгенін атап өтті. Жетісу облысы әкімдігінің хабарлауынша, тауар мен жұмыс құнының қымбаттауы 2021 жылы орын алған, ал бұл нысанның құрылысына конкурс 2022 жылы өткен. Осыған байланысты кәсіпкер байқауға саналы түрде қатысты. Сондықтан қосымша қаржы бөлу және мемлекеттік аудит жүргізу мәселесі қарастырылмайды.

Бизнеспен кездесуден кейін Ұлттық экономика министрі Талдықорған қаласында жаңа «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасында» болды. Инвестиция көлемі 1 млрд. теңгені құрады. Фабрика бір реттік медициналық бұйымдар, арнайы киім және басқа да тігін бұйымдарын шығарады. Компания өкілі заңды тұлғаның қызмет ету мерзіміне қойылатын талаптарды төмендету бөлігінде «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Әлібек Қуантыров бұл мәселені «Самұрық-Қазына» АҚ алдында көтеруге уәде берді.

Сонымен қатар, ол Жетісу облысы бойынша ТМРКД жұмысымен танысып, ондағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады. Ә.Қуантыров тариф құру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды және «Инвестицияның орнына тариф» жобасын іске асыру барысында халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды.

Соңында министр «Даму» қорының облыстық филиалында болып, қор жұмысымен танысты. 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша филиал жалпы сомасы 6,3 трлн. теңгеге жуық несиеге 83 мыңдай жобаны субсидиялады. Онда 111 млрд. теңгеден астам сомаға 49 мың жобаға кепілдік берілді. Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2,7 млрд. теңгеге 77,8 мың жобаға қолдау көрсетілді. Бүгінде облыста 52,6 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді.

  • 06.01.2023
  • 343
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика