• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

Сәрсенбі, 28 желтоқсан күні, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференцбайланыс режимінде Ұлттық экономика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Онда осы жылдың қорытындылары қаралып, 2023 жылға арналған жоспарлар белгіленді. 

Ведомство басшысы Әлібек Қуантыров қаңтар-қараша айларында экономика өсімі 2,7%-ды құрағанын атап өтті. Сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-қа жетті. 

Биыл жаңа инвестициялық циклды қалыптастыруға, сондай-ақ жаңа трендтерді, оның ішінде ESG стандарттарын ескере отырып, инвестицияларды тарту саясатын қайта қарауға бағытталған 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. 

Қазіргі уақытта бюджет саясатын және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, кәсіпкерлік қызмет саласында «таза парақтан» реформасы деп аталатын жаңа реттеушілік саясаты іске асырылып жатыр, бұл бизнеске жүктемені айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. 

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі басталды. Оны автоматтандыру  кәсіпкерлерге көрсетілетін әкімшілік қысымды азайтуға мүмкіндік береді. Жоспарлы тексерулер ерекше тәртіппен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылады. 

Министрдің айтуынша, өңірлерді дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, елдің 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары бекітілді. Жаңадан Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді, оны 2023 жылғы 31 наурызға дейін қабылдау жоспарланып отыр. Осы жылдың 5 қарашасында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша түзетулер енгізілген заңдар қабылданды. 

Тарифтік саясатты реформалау үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тұжырымдамасы ұсынылып отыр. 2029 жылға қарай республикада инженерлік желілердің тозуын 20%-дық пунктке дейін төмендету көрсеткішіне қол жеткізу көзделген. Ол үшін шамамен 3,8 трлн теңге инвестиция тарта отырып, 134 мың км астам желіге жөндеу жүргізу қажет болады. Мәселен, келесі жылы 13,2 мың км жылу және электрмен жабдықтау желілерін жөндеу үшін шамамен 300 млрд теңге тарту және табиғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын 50%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 

Сонымен қатар алқа мәжілісінде кәсіпкерлікті, қаржы секторын, өңірлерді, мемлекеттік басқаруды және т. б. одан әрі дамыту бойынша жоспарланған шаралар қаралды. 

Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігінің негізгі мақсаты – халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатының артуын нақты қамтамасыз ететін біртұтас және тиімді экономикалық саясат қалыптастыру екенін атап өтті. 

Оның айтуынша, ағымдағы сыртқы экономикалық конъюнктура белгісіздіктің жоғары деңгейімен сипатталады.  Әлемдік экономикада энергия ресурстары мен азық-түлік тауарлары бағаларының өсуі барлық жерде байқалып отыр. 

«Үкімет туындап жатқан тәуекелдерді жою үшін бар күшін салады. Бірақ, өкінішке орай, әлемдік экономикадағы жағдай әлі де тұрақсыз күйде қалып отыр. Сыртқы факторлар Қазақстан экономикасының өсу қарқынына және тиісінше экономикалық белсенділікке өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты 2023 жылы Ұлттық экономика министрлігінің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр», — деді Әлихан Смайылов. 

Ол бірінші кезекте Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында, 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасына баса назар аудару қажет екенін атап өтті. 

2023 жылы кемінде 4% экономикалық өсімге қол жеткізу үшін ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыруға, ағымдағы сын-қатерлерді ескере отырып, инфляция деңгейін бақылау мен төмендету жөніндегі шаралар кешенін жандандыруға, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқартуға және т. б. назар аудару қажет.

«Президент тапсырмаларын ескере отырып, салалық тұжырымдамалар мен мемлекеттік органдардың даму жоспарларын өзектендіру қажет. Біз мемлекеттік органдарға салалық құзыреттер шеңберінде дербес шешімдер қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді беруге тиіспіз. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешу үшін өңірлердің өкілеттіктерін кеңейтуіміз керек. Бұл жұмыс Ұлттық экономика министрлігінің үйлестіруімен жүргізілуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

  • 11.01.2023
  • 341
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика