• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық спортшылар 2022 жылы 1 786 медаль жеңіп алды

2022 жылы облыста салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1 412 спорттық-бұқаралық шара өтті. Соның ішінде 564 шара ауылдық жерді қамтып, оған 40,5 мың адам қатысты. Ал республикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық спорттық жарыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар аймақ төрінде түрлі спорттан 20 ҚР чемпионаты, 2 Азия кубогы және 2 Азия чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Былтыр Маңғыстауда алғаш рет он шақты ірі спорттық шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аралас жекпе-жектен халықаралық «Naiza 41 x Eagle 48» турнирі, киокушинкай каратэ-додан KWF Азия чемпионаты, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқовтың 85 жылдығына арналған марафон, дәстүрлі садақ атудан I республикалық чемпионаты, дзюдодан Азия кубогы, спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы, триатлоннан Азия чемпионаты және бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Александр Драчты еске алуға арналған халықаралық турнир өз деңгейінде өтті.

Маңғыстаулық спортшылар да 2022 жылды оң нәтижемен қорытындылады. Нақтыласақ, өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстан 1 786 медальді қанжығаға байлады. Азия және әлем чемпионаттарынан 56 алтын, 29 күміс және 35 қола жүлдені облыс қоржынына салды.

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, «Ұлы дала жорығында» 1 200 шақырымды бағындырған «Көкмойнақ» командасының көш бастауы облыс жетістігін еселей түсті. Оған қоса боксшы Әсем Таңатар әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, Нұрдәулет Жарылғапов тұңғыш рет әлем біріншілігінде топ жарды. Сонымен қатар бүркітші Айшуақ Тайманов бірінші әлем чемпионатында қола жүлде иеленді.

Сондай-ақ стритлифтинг және воркаут бойынша жеті дүркін әлем чемпионы Эльдар Ягьяев пен шахматтың блиц түрінен әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Айта кетейік, облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың белсенділігі жыл сайын артып келеді. 2022 жылы спортпен шұғылданушылардың көрсеткіші 39,6 пайызға жетті. Яғни, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға өскен.

  • 11.01.2023
  • 262
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика