• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әшірбеков А.Б.
Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2022 жылы қазақстандық шаруалар 330 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесін алды

Жыл басынан бері қазақстандық шаруалар Аграрлық несие корпорациясы арқылы 330 миллиард теңгенің тиімді несиесіне қол жеткізді. Осылайша, биылғы жылға жоспарланған қаржыландыру көлемі толық игерілді. Жыл соңына дейін Корпорация бұл көрсеткішті 350 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

Алдағы 5 жыл ішінде ауылды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырма Мемлекет басшысының жаңа президенттік мерзім аясындағы алғашқы жарлығы болды. «Ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы үш жыл ауылды барынша дамытуға арналады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал ауыл тұрғындарын қаладағыдан кем болмайтындай етіп жайлы өмірмен қамтамасыз ету үшін «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы негізге алынып отыр.

Ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамытуға екпін берілуі «Жаңа-Кемер Құрылыс» ЖШС қызметінің кеңейе түсуіне түрткі болды. Кәсіпорын бұрындары Жамбыл облысында жолдар мен тас жолдарды салу, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылыс материалдарын шығарумен айналысса, қазір ауыл шаруашылығы саласына бет бұрды.

2018 жылы пайдалануға берілген Жамбыл облысындағы жеміс-жидек сақтау қоймасы бүгінде толық қуатында жұмыс істеп тұр. Қойма 2 200 тонна өнім сақтауға қауқарлы. Заманауи құрал-жабдықтар мен арнайы техника сатып алу үшін кәсіпорын иелері Аграрлық несие корпорациясының көмегіне жүгініп, 210 миллион теңгенің жеңілдетілген несиесін алған еді. Қазір мұнда 10 адам жұмыс істейді. Жемістер жергілікті бағбандардан да, көршілес облыстардың өндірушілерінен де сатып алынады.

Жеміс қоймасынан бөлек кәсіпкерлер Жамбыл ауданында 17 гектар жерді сатып алып қызыл шие бағын отырғызыпты. Компания өз жидектерін қыс мезгіліне дейін сақтамақ, өйткені ол кезде өнімге деген сұраныс пен баға айтарлықтай өседі.

Аграрлық несие корпорациясы ірі жобалармен қатар ауылдық жерлерде жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлікті де қолдап отыр.

Атырау облысы Өрлік ауылындағы алғашқы наубайхананы Бибігүл Шахманова ашыпты. Ғасырлық тарихы бар ауылдың сәніне айналған аядай ғана наубайхана 3 мыңнан аса тұрғынның қажетін өтеп тұр. Ашылғанына бір жыл уақыт болған кәсіпкерлік нысанда 7 адам жұмыс істейді. Мұнда ұн тағамдарының ондаған түрі дайындалады. Балғын әрі дәмді өнімге сұраныс жоғары. Наубайхана үшін кәсіпкер Аграрлық несие корпорациясынан екі рет несие алған. Соның арқасында ісі алға басып, табысқа кенелді. Қазір цехта жоғары сұрыпты ұннан күніне 300 бөлке нан пісіріледі. Елдің алғысын арқалаған іскер ананың ендігі жоспары – кәсібін одан әрі кеңейтіп, өнім түрін көбейту. Ол үшін тағы да сенімді инвестициялық әріптесіне жүгіну ойында бар.  

Биыл агробизнес пен шағын кәсіпкерліктің 13 мыңнан аса өкілі Аграрлық несие корпорациясының көмегіне жүгініп жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Қаржы мал және өсімдік шаруашылықтарын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, ауылдық жерлерде шағын кәсіпорындарды ашуға немесе кеңейтуге берілді.

Анықтамалық ақпарат:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді.

  • 13.01.2023
  • 481
Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика