- Блогтар
- Әшірбеков А.Б.
Әшірбеков А.Б.
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы
МУСТАФИН УЛАН
- Әшірбеков А.Б.
- 20.10.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Ғылым ·
- 15
- № 764621
Сообщаем, что в рамках проведения оценки уровня доверия к деятельности АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» (далее - Холдинг), в настоящее время проводится опрос целевых групп Холдинга на предмет личного мнения о деятельности Холдинга на сегодняшний день. В связи с этим, просим сотрудников АО «Аграрная кредитная корпорация» принять участие в опросе по оценке уровня доверия к деятельности Холдинга. Для того, чтобы участвовать в опросе, необходимо пройти по прямой ссылке: http://ujo.kz/opros/bayterek_2023. Для доступа в анкету необходимо вводить пароль: 1807. ...
ТолығырақЖауаптар
Опрос среди сотрудников АО "Аграрная кредитная корпорация" был проведен.
Әшірбеков А.Б. 14.06.2024, 04:48Әуелбекова Гүлзейне
- Әшірбеков А.Б.
- 30.01.2023
- · Өтініш қабылданды·
- · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
- 161
- № 763638
АҚПАРАТ БЕРУГЕ СҰРАУ САЛУ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 11-бабына сәйкес, Сізден келесі ақпаратты беруіңізді өтінемін: Мен, Шымқала тұрғыны және көпбалалы жас ана ретінде Сізден мына өтінішке жауап алғым келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит беру қағидасы бекітілді. 29 жастағы көпбалалы анамын, былтыр жазда жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайтын, көлемі 5 млн теңгеге дейін несие алып, жолдасыммен мал шаруашылығын жүргізіп, кәсіп ашуды жоспарлап отырмыз. Ресми дереккөздерде осы жоба жөнінде ақпараттық-түсіндірме мәліметтер тым аз, барының өзі атүсті, ала-құла дайындалған, мәселен https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/485999?lang=kk. Менде осы бағдарлама жөнінде бірқатар сұрақтарым бар еді. Соған жауап беруіңізді сұраймын: 1. Мен Шымкент қаласының тұрғынымын, тұрақты тіркеуім, тұрғылықты жерім осында. Ал қалада мал шаруашылығы жайылым мақсатында жер болмағандықтан, мал өсіретін жерді Түркістан облысы Ордабасы ауданынан алу немесе жалдау ойда бар. Бұл жағдайда несиеге өтінімді қай өңірден береміз? Өтінім берушінің тұрақты тіркеуі мен кәсіпорын нысаны екі өңірде орналасса, мәселе қалай шешіледі? 2. Мен жазға қарай бесінші перзентімді босанамын, бұйыртса. Яғни декреттік кезеңімен тұспа-тұс келсе де өтінім бере аламын ба? Заңды тұрғыда кедергілер жоқ шығар деген үміттемін. Себебі бұл менің атымнан жасалған өітінім болғанымен, отбасылық кәсіп ретінде жолдасыммен бірге жүзеге асырамыз. 3. Несие 21-ден 35 жасқа дейінгі жастарға конкурстық негізде ұсынылатыны белгілі. Осы конкурстың іріктеу критерийлері мен талаптары туралы толығырақ түсіндіруді сұраймын. 4. Жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі деп жыл басынан бері насихатталып жатқан бұл жобаға өтінім қабылдау кезеңі қашан басталады? Ол өтінімнің қаралу мерзімі айқындалды ма? Неше күнде қаралады? 5. Жеңілдетілген несиеге өтінім берудің тәртібін, алгоритмін адам түсінетін ұғынықты тілде түсіндіруді сұраймын. 6. Мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге 2.5%-бен несие алуға болады. Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделгені айтылды. Осы туралы ашып кеңірек баяндауды сұраймын: қайткенде несиені өтеу мерзіміне жеңілдікке ие бола аламыз, қандай шартпен, қанша мерзімге дейін? 7. Несиеге кепілдік қою қандай формада жүзеге асырылады? Жас, бірақ көпбалалы отбасымыз. Жолдасым екеуімізде де жылжымайтын мүлік жоқ. Жолдасымның ата-анасы, яғни қайын атам мен енемнің мүлкін кепілге қоя аламыз ба? Жылжымайтын мүліктен өзге кепілдікке қандай нысандар жарайды? Жекелеген үшінші тарап тұлғалары кепілгер болу мүмкіндігі қарастырылған ба? 8. Кәсіпкерлік нысаналы мақсатына қарай басым бағыттар тізімі бекітілді ме? Қай бағыттағы кәсіпкерліктер үшін көбірек орын бөлінеді? 9. Бұл жобаға 2023 жылы 28 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 5,7 мыңнан астам жастарды қамтуға мүмкіндік береді. Осы ақпарат бойынша Шымкент қаласы және Түркістан облысына биылға неше несие квота лимиті белгіленді? Әр өңірдің мәліметін жеке-жеке ұсынуды сұраймын. 10. Аталған бағдарлама аясында көпбалалы отбасылар санатына көңіл бөлінген бе? 5.7 мың несиеленушінің неше пайызы я бөлігі осы санатқа жоспарланған? 11. Шағын несиелер «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы беріледі, қазір бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құрылып жатыр деген ақпаратты оқыдық. Бірақ бұл нақты қалай жүзеге асырылады? Өңірлік комиссияның құрамын кім қалай қандай өлшем-шарттармен айқындайды? Олардың өтінімдерді объективті қарауына кім кепілдік береді? Өңірлік комиссия бизнес-жобаны қабылдаудан негізсіз бас тартса, кімге қандай тәртіппен жүгінсе болады? 12. Мен нақты жылқы басын өсіріп-көбейтумен айналысқым келеді. Аталған жобадан, яғни 2.5%-дық несиелендіруден тыс осы мақсатта тұрғылықты жерім, тұрақты тіркеуім Шымкент қаласында болғанымен, Түркістан облысы Ордабасы ауданы аумағынан жоңышқа егуге бірнеше гектар жер алуға, малға қора-жай салуға қандай көмек, ынталандыру несие және субсидия ала аламын? Осы сұрау хатқа жауапты көрсетілген әр сұраққа нөмірлеп, техникалық талапқа сай толымды әрі нақты беруді сұраймын. Мәселен, «1-сұраққа» «1-жауап» деген үлгіде. Осы шартқа сай болмаса, жауап толымсыз болса, ресми жауаптың электронды нұсқасын әлеуметтік желідегі жеке парағыма және БАҚ өкілдерінде жариялайтын боламын. Жалпылама емес, әр сұраққа сәйкестендіріп, нөмірлеп жауап беруді табанды түрде талап етемін. Сұрау салуға жауапты «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 11-бабы, 12-тармағында белгіленген мерзімде әрі қазақ тілінде, мына e-mail бойынша gulzeine93@mail.ru, Egov, E-Otinish ресурстары арқылы және қағаз нұсқасын қазір Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, массив Қайтпас-2, мкр. Достык-2, 39 үйге жіберуіңізді сұраймын. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының 20-бабына сәйкес, ақпарат иеленуші лауазымды тұлғалаларға Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауаптылық шаралары қарастырылғандығын еске саламыз. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеуге дау айту соттан тыс және сот арқылы жүзеге асуы мүмкін. Осыған байланысты, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң талаптарын қатаң орындауыңызды өтінемін. Заң талаптары орындалмаған жағдайда, сіздің әрекеттеріңізге шағым жасалады. Тиісті әрі нақты жауап берілмеген жағдайда, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, шағым жасайтынымды есіңізге саламын. Құрметпен Гүлзейне Әуелбекова ...
ТолығырақЖауаптар
Сәлеметсіз бе, Гүлзейне. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (бұдан әрі – Министрлік) м. а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген, Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес, 2023 жылы жастарға арналған 2,5 пайызбен берілетін несиелендіру бағдарламасы әзірленуде. "Аграрлық несие корпорация" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жоғарыда айтылған Қағидаларға сәйкес сенім білдірілген агент, ал кредитор ретінде жергілікті атқарушы органдар болуы жоспарлануда. Хатыңызда қойылған сұрақтарға қатысты: 1. Өтінім бизнес жүргізілетін аймақ бойынша қаралады. Мысалы, Сіздің шаруашылығыңыз Ордабасы ауданында орналасса, несие өтінімін Қоғамның Түркістан облысы бойынша филиалына тапсырасыз. 2. Қазақстанның қазіргі заңнамасына сай, жүкті әйелге немесе бала күтіміне байланысты демалыстағы адамға несие беруге шектеу қойылмаған. 3. Конкурстың іріктеу критерийлері мен талаптары Министрлікте талқыланып жатыр. Бизнес-жобалар өзектілік, аргументтілік, экономикалық негіздемелік, қоғамдық маңыздылық, бұрын атқарылған жұмыстардың, алдағы жоспарының болуы және бизнес-жобаның өміршеңдігі бойынша іріктеледі. Қаржы жылжымайтын тұрғын мүлікті сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алуға, қару сатып алуға, ойын бизнесін ұйымдастыруға, кредиторлық берешекті өтеуге, сонымен қатар бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттарға берілмейді. Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптардың ішінде жағымды несие тарихы, банк және басқа да қаржы ұйымдарында мерзімі өткен берешектің болмауы, кепіл мүлігінің болуы сияқты бірнеше талаптар бар. 4. Жобаға өтінім қабылдау шамамен ақпан айының соңында басталады деп жоспарланып отыр. Өтініммен қатар қажетті құжаттарды тапсыру керек. Құжаттар тізімі бүгінгі таңда Министрлік тарапынан нақты бекітілмеген. 5. Бүгінгі таңда несиеге өтінім берудің алгоритмі Министрлік тарапынан нақты бекітілмеген. 6. Негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі алған несиенің толық мерзімінің 1/3 бөлігінен аспауы тиіс. Қарыз алушы жеңілдік кезеңнің уақытында негізгі берешек пен сыйақыны төлемейді. Сонымен қатар, жеңілдік кезең мерзімінде несие бойынша сыйақы есептеледі және жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сыйақыны төлеу қажет екенін атап өтеміз. 7. Қағидаларға сәйкес кез келген үшінші тұлға қарыз алушының орнына кепілдік ұсына алады. Кепіл бойынша нақты талаптар Министрлік тарапынан нақты бекітілмеген. 8. Қағидаларға сәйкес басым бағыттар бойынша іріктеу қарастырылмаған, яғни барлық бағыттар біріңғай қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, бизнес-жобалар өзектілік, аргументтілік, экономикалық негіздемелік, қоғамдық маңыздылық, бұрын атқарылған жұмыстардың, алдағы жоспарының болуы және бизнес-жобаның өміршеңдігі бойынша іріктеледі. 9. Бұл жобаға 2023 жылы Шымкент қаласына 261 адамға 1 миллиард 305 миллион теңге және Түркістан облысына 594 адамға 2 млрд 970 млн тенге бөлінеді деп жоспарланып жатыр. 10. Бағдарлама аясында белгілі бір санаттарға басымдық беру қарастырылмаған. Талап бәріне бірдей. 11. Жоғарыда айтылған Қағидаларға сәйкес, өңірлік комиссия құрамында кемінде 7 (жеті) адамнан кем емес, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі, мәслихат депутаттарының, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, ғылыми-білім беру мекемелерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, салалық сарапшылардың өкілдері, тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады. Комиссия отырысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Үміткер өзінің бизнес-жобасын комиссия отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы таныстырады. Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына болады. Комиссия отырысы барысында бақылаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды, бұл олардың Комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермейді. Комиссия бағалау парағында микрокредит беру (бермеу) себептерін көрсете отырып, шешімді көрсетеді. Комиссияның шешімі негіздемелерге сәйкес микрокредит алушылардың тізімі көрсетіле отырып, комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды. Үміткерлер комиссия микрокредит беруге негізсіз бас тартты деп есептесе, шешімге сот тәртібімен шағымдана алады. 12. Жер алу мәселесі жергілікті әкімдіктердің құзырына кіреді. Сондай-ақ, аграрлық салаға бөлінетін субсидиялар облыстық, аудандық ауыл шаруашылығы басқарма/бөлімдерінің құзыретінде. Жоғарыда баяндалған, жастарды 2,5 пайызбен несиелендіру бағдарламасынан басқа, Қоғам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге үш түрлі несие бағдарламасын ұсынады. Бұл – «Кең дала», «Іскер» және «Агробизнес» бағдарламалары. «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландырады. Несие беру банктер мен несие серіктестіктері арқылы жүзеге асырылады, жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 5%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5%-дан жоғары. «Іскер» бағдарламасы стартап-жобалар мен кәсібін жаңа бастап жатқандарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 6%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 6%-дан жоғары, несие 7 жылға дейін беріледі. «Агробизнес» бағдарламасы – әмбебап бағдарлама, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге, ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысына қаржы беріледі. Тікелей несие алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 22%, оның 16%-ын мемлекет субсидиялайды, сөйтіп соңғы сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайтын болады. Инвестициялық мақсатқа берілетін несиенің максималды мерзімі – 10 жылға дейін болса, айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиенің мерзімі – 4 жылға дейін. Қорытындылай келе, жастарды 2,5 пайызбен несиелендіру бағдарламасының талаптарын Министрлік бекітендігін және Қоғам бұл бағдарлама аясында сенімді (агент) ретінде қатысатынын хабарлаймыз. Осыған орай, жоғарыда айтылған жастарды 2,5 пайызбен несиелендіру бағдарламасы бойынша басқа да нақты және толық ақпарат беруге әзірше мүмкіндік жоқ. Бағдарлама шарттары толық мақұлданғаннан кейін Қоғамның ресми сайтында, сонымен қатар, әлеуметтік желілерінде ақпарат жарияланатын болады. Қоғамның басқа да несиелендіру бағдарламалары жайлы ақпарат алу үшін Қоғамның филиалдарына жүгіну қажет. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов көшесі, 33-б. Телефон нөмірі: 8 701 006 13 15, 8 701 006 13 17; Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғ., 3/3. Телефон нөмірі: 8 701 006 13 08.
Әшірбеков А.Б. 14.02.2023, 09:14Бактыгалиев Фархад
- Әшірбеков А.Б.
- 13.11.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
- 73
- № 759038
ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Көшірмесі : ҚР мәжіліс және сенат депутаттарына ҚР Премьер -министрі А.Смайловқа ҚР ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевке Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Есқалиевке "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы А.Аширбековке Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы шаруа қожалықтары осы хатты жолдай отырып, төмендегі жағдайды, мәселені ескерте отырып, оңды шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз. Елімізде соңғы жылдары шағын және орта бизнесті, соның ішінде ауыл бизнесін дамыту бақытында бағдарламалар қабылданып, жеңіл несиелер беріліп келеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына несие негізінен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және оның еншілес ұйымдары әр аудандағы несие серіктестіктері арқылы беріледі. Бізде,Сырым ауданының шаруашылықтары осы мемлекеттік қолдауға /несиені/ көп жағдайда ауданымыздағы "Сырым"НС"ЖШС-гі арқылы қол жеткізіп отырмыз. "Сырым"НС"ЖШС -гі 2003 жылы құрылып ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарын несиелеп келеді. Несие серіктестігімен 2015 жылдан бері ауданымыздың шаруашылықтарына 900,0 млн.теңгеге жуық несие берді. Сол мемлекеттік қолдау нәтижесінде аудан шаруашылықтарының мал басы, өнімділігі артып, ауданымызда асыл тұқымды мал шаруашылығы нәтижелі даму қарқын алды. Асыл тұқымды мал басы мен шаруашылықтар санының артуы, көптеп жаңадан шаруа құрылымдарының құрылуы атқарылған жұмыс нәтижесінің дәлелі. Алайда қазіргі таңда осы аудан шаруашылықтарының даму жоспарына, дамуына қаржыландыру көзінің болмауы аса кедергі болып тұрғанымен қоса несие серіктестігінің қатысушысы болып табылатын бірнеше шаруашылық құрылымдары еріксіз жабылу сатысында тұр. Ауданымыздың басты/драйвер/ шаруашылықтары осы несие серіктестігінің қатысушылары. Атап айтсақ "Сырым" НС"ЖШС -нің өз қатысушыларына несие беруді 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап тоқтатты. Несие беруді тоқтату себебі ЖШС-нің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ның алдына берешек пайда болу себебінен ЖШС-тің несиелік желісі жабылды, соның салдарынан 6-айдан жоғары несие бермеу салдарынан несие серіктестігінің лицензиялық рұқсаты жойылды. Бүгінгі күнде несие беру тоқтатылғаны былай тұрсын, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ы несие серіктестігін барлық қатысушыларымен қоса экономикалық сотқа несиені толық қайтару жөнінде талап арыз беріп отыр. Егер экономикалық сот "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның талап арызын қанағаттандырып шешім шығарған жағдайда, берешекті өндірудің классикалық тәртібімен сотқа берілген несие серіктестігінің барлық құрылтайшыларының /73 шаруашылық құрылымы/ есеп шоттары бұғатталып, барлық жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне арест қойылып, соның салдарынан барлығы жұмысын тоқтатады. Бұған айқын дәлел ретінде көршілес Қаратөбе ауданынындағы несие серіктестігінің үстінен шығарылған сот шешімі. Сот шешімі барлық құрылтайшыларының үстіне шығып отыр. Егер біздің жағдайда да сот шешімі дәл осылай барлық несие серіктестік қатысушыларының үстінен шығарылатын болса, несие серіктестігінің қатысушылары, әрі ауданымыздың басты 73 шаруашылық құрылымдары өз шаруаларын еріксіз түрде тоқтатуына алып келеді. Бұның салдары келешекте аудан экономикасын кері әсер беріп қана қоймай, ауданда жұмыссыздық, кедейшілік шегінің жоғарылауына соқтырады. "Сырым"НС"ЖШС-нің "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ-ның алдында мұндай мәселеге алып келуі, яғни несие бойынша берешектің жиналуы негізінен серіктестік құрамындағы 3 шаруашылық құрылымының өз берешегін өтемеу салдарынан туындап отыр. Яғни құрамдағы аталған 3 шаруашылықтың мәселесі қалған барлық шаруашылыққа кесірін, ауыртпашылығын тигізіп отыр, бұлардан басқа шаруашылықтар өз несиесі бойынша міндеттемелерін кешігіп болса да , уақытқа сыйып орындап отыр. Жалпы барлық несие серіктестіктерінің жарғысына сай барлық мүшелері бір -бірінің міндеттемелеріне жалпыға бірдей жауапты делінген/солидарная ответственность/. "Солидарная ответственность" бұл "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның несие серіктестіктерін қаржыландырудағы жарғысына енгізіп қойған басты талаптарының бірі, бұл "жауапкершілік" болмаған жағдайда несие серіктестіктері өз аудан шаруаларын қаржыландыру үшін несие қаржысын ала алмайды. Біздің жағдайда дәл осы "солидарная ответственность" салдарынан ауданымыздың ауыл шаруашылығы құрылымдары, қала берді ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына аталған 3 шаруашылық кедергісін тигізіп отыр. Аталған мәселені және төмендегі мәселелерді шешу мақсатында, аталған берешегі бар 3 шаруашылық құрылымдарының мәселесін бөліп қарау ұсынысымен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-на бірнеше рет ұсыныс айтылып, мәселені шешу үшін кездесулер ұйымдастырылғанымен еш нәтиже бермей отыр. Жауаптары: "Барлығы заң аясында, "солидарная ответственность". Неге бір заңға қадалып, заң-заң деп жауапкершіліктерін алға тартып мәселені тығырыққа тіремей, керісінше ортақ мәселеден шығудың басқа, шаруаларға оңтайлы жолдарын іздестіруге "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ -ның басшылығы неге мүдделі болмай отыр? Бұл қаржы ұйымы басшылығына ауылдық жердегі шаруалардың дамуынан тек ақша қаражатының қайтуы маңызды болғаныма? Бұл қаржы ұйымы арқылы берілетін мемлекеттік қолдаудың барлығы осы шаруалардың шаруасының дамуына бағытталады емеспе, сол себептен де сол басшылар ең алдымен аудандағы ауыл шаруашылығы саласының дамуын басты назар етіп, ортақ мәселеден шығудың оңтайлы жолын іздеуге мүдделі болуы қажет деп есептейміз. Сол себепті Біз Сырым ауданы шаруашылық құрылымдары, Сізден аталған қаржы ұйымының басшылығына ықпал ете отырып төмендегі мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз: 1. "Сырым" НС" ЖШС-нің барлық қатысушыларының үстінен берілген талап арызды кері алуға және несие серіктестігіне АҚ-ның алдындағы аталған 3 шаруашылық бойынша қордаланған берешекті өтеуге қосымша уақыт беруді және олардың берешектерін жалпыдан бөліп қарастырып өтеуге мүмкіндік беруді. 2. "Солидарная ответственность" деген түсінікті, талапты алып тастау. Өйткені бұл талап несие серіктестігі ашылған әзірде ,яғни 2000 жылдардың басында енгізілген болатын. Бұл түсінік не үшін қолданылды, өйткені ол жылдары кепілге қойылған мүлік бұл-ескі ауыл шаруашылық техникалары мен құрылғылары болды, кепіл заты жетпеген соң осы жауапкершілік негізінде қаржы беру жолға қойылды. Алайда қазіргі жағдай мүлдем басқа, шаруалар несие серіктестігінен несие алған кезде қаржыны 100 пайыз жабатындай қымбат үйлер, жаңа техникаларын кепілге қояды. Сонымен қатар қажетті несие соммасына 100 пайыз кепіл жабатындай бағалы мүлікін кепілге қоюымен қатар, қажетті сомманың 1/10 бөлігін жарғылық капиталға кепіл ретінде тағы ақшалай салады. Мысалы, шаруаға 10,0 млн теңге қаржы керек болса, шаруа 10 млн теңгеге бағалы кепіл қоя отырып, қосымша кепілге 1,0 млн қаражат жарғылық қорға салады. Сонда бұл несиелердің жеңілдетілгені қайда, бір несие алу үшін үш жақты қамтамасыз ету- қымбат кепілмен, 1/10 бір жарғылық жарна қаражатымен және "солидарная ответственность". Бұл дегеніңіз шаруаларға қосымша ауыртпашылық ғана емес, басқаның міндеттемесін арта отырып, шаруаларды бір-бірімен шырмау. 3. Несие серіктестігіне мүше, алайда серіктестікке еш берешегі жоқ шаруаларды өз өтініштеріне байланысты құрамнан шығаруға және қойылған мүліктерін кепілден шығаруға мүмкіндік жасау.Қазіргі таңда 32 серіктестік мүшелерінің серіктестік алдына еш берешегі жоқ, толық міндеттемелерін орындап отыр. Аталған 32 шаруа серіктестік құрамынан шығаруға және кепілдерін босатуға өтініш беріп отыр. Алайда қазір бұл шара жоғарыдағы мәселелерге байланысты, серіктестікті сотқа беру салдарынан мүмкін болмай отыр. Осының салдарынан бұл шаруалар басқа қаржы институтарынан да несие ретінде қаржы ала алмай отыр, себеп "Сырым"НСЖШС-нің мүшесінде болу, аталған несие серіктестікке қатысты сотқа талап берілуі. 4. Осы мәселенің туындауына себеп болып отырған жоғарыда аталған құрамдағы 3 шаруашылықтың міндеттемелерін жалпыдан бөліп алып, бөлек тәртіпте қарау мүмкіндігіне қол жеткізе отырып, міндеттемелерін уақытылы орындап отырған құрамдағы басқа шаруаларға даму жоспарларын қаржыландыру мақсатында "Сырым"НС" ЖШС-нің лицензиясын қайтара отырып несиелік желіні ашу. Өйткені ауданда шаруаларды ауыл шаруашылық бағытында қаржыландыратын бірден бір қаржы институты осы-"Сырым"НС"ЖШС. 3 шаруаның кесірі қалған -73 шаруаға кедергі болмауы тиіс. Аса қадірменді президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сырым ауданы шаруалары Сіздің ел болашағын айқындаудағы саралы саясатыңызды қолдай отыра және ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы кемел бастамаларыңызға арқа сүйей отыра, Сізден біздің болашаққа деген сенімімізді жоғалтпауымыз үшін аталған мәселені оңтайлы шешілуіне ықпал ететініңізге сенім білдіреміз. Сізге деген Құрметпен Сырым ауданының шаруалары. "Сырым" НС" ЖШС-нің басқарма басшысы Ф.А.Бактыгалиев ...
ТолығырақЖауаптар
Сәлеметсіз бе! Сіздің 2022 жылғы 13 қарашадағы № 759038 өтінішіңізге жауап Сіз көрсеткен жеке поштаңызға жіберілді. Өтініш бергеніңіз үшін рахмет!
Әшірбеков А.Б. 23.11.2022, 04:06Атанбаев Темірғали
- Әшірбеков А.Б.
- 07.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ауыл шаруашылығы ·
- 111
- № 742875
Председателю Правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Аширбекову Алмат Буркутбаевичу От КХ «Берік» ИИН 610201303262 Атанбаев Темиргали Бекенович ВКО., Абайскии район, Кокбайскии сельски округ, зимиовка «Байшуак» Сот: 8 775 959 05 59 alinaaidos@mail.ru Обращение. Уважаемый Алмат Буркутбаевич! Я Атанбаев Темірғали Бекенұлы ИИН 610201303262, глава КХ «Берік» в сельском округе Кокбай Абайского района ВКО действующий на основании свидетельства о гос. регистрации ИП Серия 12915 №0603825 от 15.05.2012. На протяжения 20 лет я держу КРС. Я не единожды получал кредиты в ФФП СК и являюсь лояльным клиентом. С апреля месяца я решил приобрести Кобыл на сумму 50 млн. тенге. И предоставил в залог дом в центре города Семей, Который был оценен независимыми оценщиками в 103 млн тенге. Собрал документы и подал в АКК г. Семей где меня принял менеджер Едиге. До кредитного комитета меня попросили переоценить (переделать) оценку и снизить оценочную стоимость дома так как по мнению оценщиков АКК он столько не стоит и срезали сумму на 59 млн. Дом более 500 кв. м . с зем. участком 9 соток. полностью централизованной (вода, свет, отопление, канализация, интернет высокоскоростной (оптоволокно)и т.д.) Сейчас наш город стал областного значения это раз, во-вторых в нашем городе 3 х комнатные квартиры в центре с фундамента стоят 30 млн тенге 106 кв. м. Не могу понять в чем причина такой низкой оценки? На данный момент я предоставил все документы и прошол кредитный комитет для получения кредита в АКК под 17 % где 10% субсидируются государством, для приобретения Кобыл от 24 до 60 месяцев. Комитет одобрили сумму 33 миллиона 600 тыс. тенге, но поставили мне особые условия - найти другого поставщика. Мной предоставленный поставщик не устроил комитет, так как на момент проведения комитета животные были всего две недели зарегистрированы в ИСЖ на данного продавца. Не для кого не секрет что во многих районах Казахстана вообще не регистрируют в ИСЖ Лошадей. В Казахстане сельхоз управлении с этого года дали время и открыли зеленый коридор для хозяев кх, кто имеет лошадей и не регистрировал свой скот зарегистрировать до 01.06.2022 года. Мы нашли хозяйство, у которого есть кобылы заранее и подписали с ним договор, который приобрёл чипы для всех кобыл и зарегистрировал весь скот в апреле месяце 2022 года. Так как комитет не одобрил нашего продавца я зашел к руководителю филиала в городе Семей Калиеву М.С. и попросил найти нам поставщика с зарегистрированным скотом близ лежащих хозяйствах, так как мы не обладаем такой информацией. Или попросил выдать налом кредит для приобретения у физ лиц в своей деревне у местных жителей и КХ-в без регистрации. Калиев М.С. нам предложил найти с других районов поставщиков, на что я сначала отказался, так как с привезёнными лошадями намного сложнее и затратное дело, но не найдя скот и такого поставщика уже и на это был согласен. Я ждал ответа две недели и по сей день они мне не могут дать ответ. Сегодня 07.06.2022г менеджер Едиге попросил не надеется на них и нас самих найти себе продавца с уже задолго регистрированным скотом. Но увы я тоже не смог найти такое хозяйство и как мне быть? Прошу Вас помочь мне с данным вопросам вынести на комитет или поднять вопрос о длительности регистрации лошадей. С КРС, то сеть коровами намного проще, так как там есть субсидии и т. д., что подталкивает людей и хозяйства на регистрацию скота. Но увы на Кобыл данные субсидии не распространяются и люди халатно относятся к регистрации кобыл, лошадей в целом. У многих продавцов записи только в журнале Акимата. Позвонив в Усть Каменногорск начальнику кред. комитета, я снова услышал тот же ответ что такие условия, и они не чем не могут помочь. Что условия писали не они. До слияния ФФП с АКК данные условия были такими же, как и у КРС, то есть у нас была возможность приобрести у поставщика без регистрации чипов, по времени не было ограничении и отчепировать у себя на хозяйстве. Самое главное условие было что бы хозяйство продавца было и работало, то есть был оборот по скоту так как они понимали, что на мелких КХ очень редко бывают люди с бух. или фин. образованием или вообще понимающие суть работы программ и т.д. В нашей деревне были хозяйства, которые у фонда брали займы для приобретения Лошадей где предоставляли справки с Акимата о наличии скота где прописывалось численность голов и все. Но для чего тогда государство открыла зеленый коридор для регистрации лошадей в ИСЖ значит не только одно хозяйство такое? значит такая ситуация не только у меня? И у кого мы должны мы приобретать? Пожалуйста помогите мне получить кредит и купить у моего поставщика, скот, который я отобрал и приготовил для меня это очень удачная сделка, так как весь скот привыкший к нашим окраинам и тем более я сам знаю данных кобыл, либо возможно ли приобретения у физ лиц и перевод на мой счет с документами, либо на физ счет продавцов? Ведь я не отказываюсь показать данных кобыл или не регистрировать их на свое имя данные документы для подтверждения целевого назначения я от и до предоставлю. Пожалуйста подскажите какие выходы есть? Ведь КХ – ва это простые люди, семьи, труд которых очень сложный, тяжёлый и очень важен для государства и всего народа. Я надеюсь, что АКК работает во благо КХ-в и простого народа и относится лояльно к своим клиентам. Надеюсь на Вашу поддержку и положительный ответ. Спасибо за Вашу работу! С уважением глава КХ«Берік» Атанбаев Темірғали Бекенұлы! К обращению прилогаю: 1. Решения Кредитного Комитета от 16 мая 2022года 2. Уд копия главы КХ «Берік» 3. Список ИСЖ продавца с кол-м лошодей ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый день, Темиргали Бекенович. Рассмотрев Ваше обращение по вопросу целевого использования принятых обязательств сообщаю, что с целью соблюдения требований законодательства Республики Казахстан по раскрытию информации, содержащей сведения, относящиеся к банковской тайне, информация по изложенным в обращении вопросам направлена на Ваш электронный адрес.
Әшірбеков А.Б. 21.06.2022, 03:04Нускабаев Максат
- Әшірбеков А.Б.
- 22.04.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ұлттық компаниялар ·
- 149
- № 736676
Председателю правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Аширбекову А.Б. От: ИП«Максат» в лице руководителя Нускабаева М.А. ИИН 770629302719 Адрес: Алматинская область, Талдыкорган Г.А., г.Талдыкорган, 60 лет КАЗССР, 42, 1 сот: 8 700 684 78 46 Уважаемый Алмат Буркутбаевич, пользуясь представившейся возможностью, выражаю свое почтение, и желаем Вам успехов в профессиональной деятельности. Поводом обращения к Вам послужило следующее обстоятельство. По итогам закупок способом из одного источника, между АО «Аграрная кредитная корпорация» (далее – Заказчик) и ИП «Максат» в лице руководителя Нускабаева М.А. (далее – Поставщик) был заключен договор о закупках услуг по аренде автотранспорта для мониторинга залогового имущества для нужд филиала по Алматинской области № 010340000953EEP2102024/00 от 19.02.2021г. (далее –Договор). После заключения договора, Поставщиком во исполнение условий п.п.3.1. п.3 Договора, был внесен гарантийный денежный взнос в обеспечения исполнения Договора в размере 3 процентов от общей суммы Договора равную 62 700 (шестьдесят две тысячи семьсот) тенге на банковский счет Заказчика (копия платежного поручения прилагается). Поставщик свои обязательства по данному Договору выполнил надлежащим образом и в сроки согласно условиям Договора, к этому свидетельствует отсутствие претензий со стороны Заказчика к Поставщику по оказанным услугам. В этой связи, прошу Вас осуществить возврат денежных средств, переведенных на банковский счет АО «Аграрная кредитная корпорация», платежное поручение №3 от 01.03.2021г. в качестве обеспечения исполнения договора о закупках услуг в размере 62 700 (шестьдесят две тысячи семьсот) тенге. С уважением, ИП«Максат» в лице руководителя Нускабаева М.А. ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый день. Ваше обращение было рассмотрено. Обеспечение исполнения договора на общую сумму 62 700 (шестьдесят две тысячи семьсот) тенге будет возвращено в срок до 21 мая 2022 года.
Әшірбеков А.Б. 20.05.2022, 02:39Кошанов Самат
- Әшірбеков А.Б.
- 20.04.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
- 109
- № 736280
Ассалаумағалейкум құрметті Алмас Бүркітбайұлы! Менің сауалым жеке кәсіпкер ретінде АНК Түркістан облысының филиалына барып, 6 млн дейін несие бағдарламасы боййынша құжаттар тапсырмақ болып едім, маған менеджерлер қаржы жоқ деп жауап қайтарды. Сізге сауалым, БАҚ-та әлеуметтік желілерде ең маңыздысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы шағын кәсіпкерлерге млрдтаған қаржы көмек беріледі тапсырмалары орындалмай отырғаны ма? Қаржы қай мезгілде бөлінеді жылдың ортасы болды ғой. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн. Сіз «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы филиалына сәуір айында келіп, несие алу бойынша кеңес алғансыз. Қазіргі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы үш бағыт бойынша несиеледіру жұмыстарын жүргізеді. Сіздің мақсатыңызға («ГАЗель» автокөлігін алуға) «Іскер» бағдарламасы аясында несие беріледі. «Іскер» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары: Несиенің сомасы - 6 000 000 (алты миллион) теңгеге дейін; Сыйақы үстемесі – 6 % (несие алушы көп балалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы санатына жатқан жағдайда 4 %); Несие мерзімі - 48 (қырық сегіз) айға дейін; Кепіл мүлкі – жылжымалы және жылжымайтын мүлік. Бүгінгі күнде «Іскер» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2017-2021 жылдары жұмыс жасаған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бұрын берілген және қазіргі таңда қайтарылып жатқан несиелердің қаражатынан қайта қаржыландыру (реинвестиция) арқылы жүзеге асырылады. Несиелендіру қайтарылып жатқан қаражат есебінен болғандықтан несиенің ең ұзақ мерзімі - 48 ай.
Әшірбеков А.Б. 13.05.2022, 07:10Лесбеков Куаныш
- Әшірбеков А.Б.
- 12.03.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Қаржы ·
- 88
- № 730712
Председателю правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Аширбекову А.Б. ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган – Аксу» председатель правления Жекебаева Ш.К. адрес: Алматинская область, г. Талдыкорган, 7 м-он, дом №10, здание «Коктем Гранд», 3 этаж, офис №3 юрист ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган – Аксу» и представитель по доверенности: Лесбеков Куаныш Пернеханович ИИН: 831204301171 сот: 8 771 453 40 18 Уважаемый Алмат Буркутбаевич, пользуясь представившейся возможностью, выражаем свое почтение, и желаем Вам успехов в профессиональной деятельности. Поводом для обращения в Ваш адрес с данным письмом послужило следующее обстоятельство. В связи с множественными обращениями конечных заемщиков в адрес ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган – Аксу» (далее – КТ) касательно высвобождения залогового обеспечения и замены залогового обеспечения, предоставленного в качестве обеспечения исполнения обязательств перед КТ и АО «Аграрная кредитная корпорация» (далее – Корпорация), 02.02.2022г. за исх.№3 КТ во избежание нарушения прав и интересов конечных заемщиков, было инициировано в адрес филиала Корпорации по Алматинской области (далее – Филиал) ходатайство о высвобождении залоговых обеспечений и замены, залоговых обеспечений в отношении конечных заемщиков исполнивших свои обязательства перед КТ и Корпорацией полностью и частично. Однако, до настоящего времени филиалом вышеуказанное ходатайство КТ не рассмотрено и по нему решение не принято что является недопустимым. На основании вышеизложенного, Просим Вашего содействия в решении вопроса касательно высвобождения залогового обеспечения и замены. Приложение: копия ходатайства от 02.02.2022г. С уважением! Представитель по доверенности и юрист КТ Лесбеков К.П. 11.03.2022г. ...
ТолығырақЖауаптар
Добрый день. Ваши обращения рассмотрены Аграрной кредитной корпорацией, по ним приняты следующие решения. По конечному заемщику ИП «Әли» решением уполномоченного органа филиала по Алматинской области от 13.05.2022 года замена залогового обеспечения одобрена (исх. № 01-35-29/6627 от 17.05.2022 г). Принять положительное решение о высвобождении залогового обеспечения по конечным заёмщикам ИП «Елдос», ИП «Кумарбаев», КХ «Султан», ИП «Талгат» не представляется возможным, так как у ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган – Аксу» имеется просроченная задолженность перед Корпорацией.
Әшірбеков А.Б. 20.05.2022, 02:41ЖЕКЕБАЕВА ШЫНАР
- Әшірбеков А.Б.
- 02.03.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Қаржы ·
- 162
- № 729353
Председателю правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Аширбекову А.Б. Уважаемый Алмат Буркутбаевич, пользуясь представившейся возможностью, выражаю свое почтение, и желаем Вам успехов в профессиональной деятельности. Поводом обращения к Вам послужило следующее обстоятельство. В сентябре месяце 2020 года сотрудниками (аудитор и СБ) ЦА АО «Аграраная кредитная корпорация» (далее – Корпорация) была проведена проверка финансово-хозяйственной деятельности ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган-Аксу» (далее – КТ), в ходе которой была отобрана объяснительная записка у заместителя председателя КТ Мукашева Ерната Маманкуловича (далее – заместитель председателя). В объяснительной записке заместитель председателя указал, что присвоил и растратил в личных целях вверенные ему денежные средства КТ на сумму 10 000 000 тенге, с использованием своего служебного положения. Мы, в связи со служебной необходимостью, связанной с проведением в отношении бывшего заместителя председателя КТ претензионно-исковой работы, неоднократно обращались в филиал Корпорации по Алматинской области (далее – Филиал) с просьбой предоставить заверенной копии объяснительной записки заместителя председателя КТ. Однако, филиалом не предоставляется возможности предоставить заверенной копии вышеуказанного документа ввиду отсутствия подлинника указанного документа. На основании вышеизложенного, Просим Вашего содействия в получении заверенной копии объяснительной записки бывшего заместителя председателя правления КТ Мукашева Ерната Маманкуловича. С уважением! Председатель Правления ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган – Аксу» Жекебаева Ш.К. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Шынар Кусаиновна! На Ваше обращение на блог Председателя Правления АО «Аграрная кредитная корпорация» (далее - Общество), в отношении предоставления материалов служебного расследования, проведенного в 2020 году по обстоятельствам возникшей просроченной задолженности ТОО «Кредитное товарищество «Талдыкорган-Аксу» (далее - КТ) перед Обществом, сообщаем следующее. В соответствии со ст.28 Предпринимательского Кодекса РК, субъект предпринимательства определяет круг лиц, имеющих право свободного доступа к информации, составляющей коммерческую тайну, и принимает меры к охране ее конфиденциальности, которая заключается в запрете незаконного получения, распространения, либо использования информации, составляющей коммерческую тайну. Информация, составляющая коммерческую тайну, не может быть разглашена без согласия субъекта предпринимательства, за исключением информации, по которой имеется вступившее в законную силу решение суда, или иных случаев, установленных Кодексом. Согласно Инструкции по обеспечению сохранности банковской, служебной, коммерческой и иной охраняемой законом тайны АО «Аграрная кредитная корпорация», утвержденной Советом Директоров Общества (протокол от 26.10.2015г. №28), сведения о назначении и проведении внутреннего аудита (который проводился сотрудниками Общества, так и лицами извне по договоренности с Обществом), результаты проведенного внутреннего аудита и документы, подтверждающие результаты (акты проверок, справки, и другие документы), содержание работы с проблемными займами, сведения о заемщиках, созаемщиках Общества, относятся к коммерческой тайне Общества. Также, в силу Инструкции о порядке проведения служебной проверки (расследования), утвержденной решением Правления Общества (протокол от 09.06.2021г. №33) сведения, содержащиеся в материалах проверки, являются конфиденциальными и имеют статус служебной тайны. На основании вышеизложенного, выдача запрошенного документа, к сожалению, не представляется возможной. В заключение, отмечаем, что в филиал Общества по Алматинской области ранее не поступало обращение КТ о выдаче материалов служебного расследования.
Әшірбеков А.Б. 14.03.2022, 03:22ОМАШЕВ МУРАТ
- Абенов А.Ж.
- 16.11.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 167
- № 714923
Уважаемый Айболат Жаксылыкович ! Гражданский Альянс Казахстана, при поддержке Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан, с 22 по 26 ноября 2021 года проводит Х Гражданский Форум «30 лет партнерства в интересах устойчивого развития общества и государства». Повестка Форума ориентирована на достижение Казахстаном Целей устойчивого развития, выполнение Посланий Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. Участие гражданского общества в обеспечении открытости и подотчетности обществу государственных органов и квазигосударственного сектора является одним из направлений государственной реформы. Гражданский Форум – крупнейшая, доступная для широких слоев населения диалоговая площадка власти, гражданского общества, международных институтов и бизнеса. Во время Форума состоятся многочисленные дискуссии с участием первых руководителей госорганов, депутатов Парламента, представителей международных организаций и экспертного сообщества. Гражданский Альянс, объединяющий свыше трех тысяч НПО во всех регионах страны, признан надежным партнером Правительства, ключевым инструментом реализации общественного контроля в рамках политики «Слышащее государство». Альянс располагает ресурсами по объединению интересов квазигосударственного сектора и гражданского общества, продвижению имиджа и деловой репутации своих партнеров. Принимая во внимание значимость Форума, приглашаем Вас выступить спикером на площадке «ИНТЕГРАЦИЯ ИНТЕРЕСОВ: гражданское общество – бизнес - квазигоссектор», которая состоится 25 ноября в городе Алматы (Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty) в онлайн/офлайн формате, с трансляцией на страницах Facebook и платформе YouTube. Уверены, что своим участием Вы внесете неоценимый вклад в повышение потенциала гражданского общества. О принятом решении просим сообщить в кратчайшие сроки. Дополнительная информация размещается на официальном сайте Форума azamattyqforum10.kz. на казахском, русском и английском языках. Искренне благодарим за поддержку и надеемся на дальнейшее плодотворное сотрудничество! С уважением, Президент Гражданского Альянса Казахстана Б. Нургазиева контактный телефон: +77017000126 ...
Толығырақ