- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ҰЭМ басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті
Кездесу барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров америкалық дипломатты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, білім мен технологиялар трансферті мәселелеріне қызығушылық танытты.
Өз кезегінде, Дэниел Розенблюм ҰЭМ басышысына алғысын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Екіжақты әріптестік экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастардың арқасында ғана емес, сонымен қатар өңірлік және жаһандық даму мәселелері бойынша ортақ ұстанымның аясында тұрақты болып отырғанын атап өтті.
Алдағы мақсат - сауда жолдарын әртараптандыру, экспортты ұлғайту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканың әртүрлі салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту. Сондай-ақ АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі 2023 жылы америкалық бизнестің Қазақстанда жұмыс істеу және елде өз өкілдіктерін ашу мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында сауда миссиясы сәтті өтетініне үміт білдірді. Бұл бағыттағы ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары қазірдің өзінде елшілік тарапынан жүргізілуде.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
- 13.01.2023
- 235