• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр

Облыста 2021 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен өңір тұрғындарына қажетті жобалар жүзеге асып жатыр, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде он өтпелі жоба бойынша соңғы екі жылда сегіз ауылдық елді мекенге 45,3 шақырым жол төселді. Құрылыс жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 985,4 млн теңге бөлінген. Оның 919,2 млн теңгесі республикалық бюджеттен болса, 66,2 млн теңгесі жергілікті қазынадан берілді.
 
Соның нәтижесінде Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы №2 аймағындағы тас жолдың және Қарақия ауданы, Құрық ауылында ұзындығы 7,6 шақырым жол құрылысы толық аяқталды. Ұзындығы 5,1 шақырым болатын Жыңғылды ауылындағы автомобиль жолына да құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Баянды ауылының №3 орта мектебіне 2 шақырым кіреберіс жол төселді. Басқұдық ауылындағы 2 шақырым жолдың құрылысы жүргізіліп, Адай автобазасынан Баянды ауылына дейінгі автожол сыртқы электр жарығымен қамтылды. Сонымен қатар С. Шапағатов ауылының жоғарғы бөлігінде 5,1 шақырым ауылішілік жолдың құрылысы жүргізілді. Оған қоса ауылдың төменгі бөлігіндегі 5,9 шақырым ауылішілік жолдың құрылысы мен Өмірзақ ауылының Рауан массивіндегі 12 шақырымдық автожол құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ бағдарлама аясында Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Жаңаорпа, Базарлы шағынауданындағы 7,6 шақырым тас жолдың құрылысына республикалық бюджеттен 476,3 миллион теңге қарастырылды. Жоба биыл да жалғасады.

Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мен «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін он мәдениет нысанын салу және жетпіс мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

2021 жылы облыста екі мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Нақтыласақ, Басқұдық ауылдық округінде кітапханасымен бірге 200 орындық ауылдық клубы, Жаңаөзен қаласының Кеңдірлі ауылында 300 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Сондай-ақ 2021 жылы облыстық бюджет есебінен он мәдениет нысанына жөндеу жүргізілді. Атап айтсақ, Қарақия ауданындағы Аққұдық мәдениет үйі, Маңғыстау ауданының және Қызан, Үштаған, Тұщықұдық, Шебір, Онды мәдениет үйі, Түпқараған аудандық және «Ақшұқыр» ауылдық мәдениет үйлері, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған филиалының этнографиялық музейіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Былтыр Құрық ауылында облыстық мұражай мен Құланды ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталды. Қазіргі таңда Құрық ауылындағы мұражайдың құрылыс жұмыстары жетпіс пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар облыста он төрт мәдениет нысанының жөндеу жұмысы аяқталды. Ал 2022 жылы Сайын Шапағатов ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталды. Жоспар бойынша нысан құрылысы 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Маңғыстау облысында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін Мұнайлы ауданының Атамекен, Дәулет, Батыр ауылдарында, Өмірзақ ауылдық округінде мәдениет үйі мен кітапханалар салу жоспарланып отыр. Ал Ақтау қаласы, Маңғыстау ауданының Жыңғылды, Сайөтес ауылдарында және Қарақия ауданында облыстық кітапхана және Жаңаөзен қаласында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы салынады.

Білім, мәдениет нысандары мен инфрақұрылымнан бөлек ауылды денсаулық сақтау мекемелерімен қамту жоспарда тұр. Осы ретте Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 2021 жылы бағдарламасы аясында Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен Қызылсай ауылында дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға берді. Ал 2022 жылы Рахат ауылында бекітілген тұрғындардың тұрғылықты жеріне мүмкіндігінше жақын дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілді.

Маңғыстау облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023 жылы 3 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын (1 медициналық пункт, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 дәрігерлік амбулатория) салу жоспарлануда.

Яғни, Шетпе ауылындағы Қосбұлақ мөлтекауданда дәрігерлік амбулатория құрылысы, Бейнеу ауданы Тәжен ауылында медициналық пункт, Қарақия ауданы Аппақ елдімекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

  • 13.01.2023
  • 306
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика