• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Ауыл аманаты» жобасына қатысушы ақтөбеліктер Президентке ауылды қолдау және дамыту бойынша қабылданған шаралар үшін алғыстарын білдірді

Ақтөбе облысына өңірде 2022 жылы бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының барысымен танысу мақсатында  «AMANAT» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.

Аталған жоба облыста 2022 жылы Президенттің «Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы туралы» бірінші Жарлығы аясында қолға алынған болатын.

Жоба ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тартуға, олардың кірістерін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Жұмыс сапары аясында Ерлан Қошанов Мәртөк ауданына барды. Жобаның дайындық кезеңінде аталған ауданның 30 мыңнан астам тұрғыны бар 13 ауылдық округке қарасты 32 ауылда скрининг жүргізілді. Нәтижесінде жобаға 3344 тұрғынды қамтитын Тәңірберген және Қаратоғай ауылдық округтерінен үш елді мекен қатыстырылды.  Таңдалған ауылдарда тұрғындардың 2131-і — еңбекке қабілетті, 314-і — өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 62-сі — жұмыссыз, 6 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Аталған  санаттағыларға  жоба аясында ерекше басымдық беріледі.

Екі округте 155,3 млн теңге сомасына 41 жобаны іске асыру жоспарланған, оның  14-і – құс шаруашылығы, 20-сы — өсімдік шаруашылығы бағытында, 5 жоба шағын бизнеспен, екеуі кооперативтерді жарақтандырумен байланысты.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша жобаға қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, аудандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы мәселесін шешу мақсатында мемлекет меншігіне қайтарылған 25 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер енді өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға ниет білдіргендерге берілетін болады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы «Ауыл аманатының» ерекшелігі — малды тауарлық несие ретінде беру. Бұл мүмкіндікті Мәртөк ауданының 6 тұрғыны пайдаланбақ, оларға ірі шаруа қожалықтары 60 бас мал береді.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру жұмыссыздар санын — 45,2 пайызға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 55 пайызға азайтуға, ал жобаға қатысушы отбасылардың орташа табысы 200,4 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының арқасында жұмыспен қамту, тұрғындардың орташа табысын арттыру мәселесінен бөлек, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселе де шешімін таппақ. Нәтижесінде құс етімен қамтамасыз ету  21,7%-дан 44,8%-ға, көкөніс – 41,6%-дан 62,9%-ға, картоп — 36%-дан 63,8%-ға дейін ұлғаяды.

Жұмыс сапары аясында  «AMANAT» партиясының Төрағасы  жобаға қатысуға үміткерлерден өтініштер қабылдау барысы және қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасымен танысты. Делегация өкілдері несие беру шарттары, кооперативтер құру және жабдықтау мәселелеріне қызығушылық танытқан жобаға қатысушылармен кездесті.

 «Дина» шаруа қожалығының басшысы Зәкір Құрманаев - жоба қатысушыларына мал түрінде тауарлық несие беруге келісім берген азаматтардың бірі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші «Ауыл аманатының» ауыл тұрғындарының табысын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айтады.

«Ауыл тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды дамытуға, ауыл еңбеккерлерін қолдауға бағытталған бірінші Жарлығын зор ықыласпен қабылдады. «Ауыл аманатының» тиімділігі жоғары.  Жобаға қатысушылардың және агроөнеркәсіптік кешенде еңбектеніп жүргендердің атынан Президентке ерекше алғысымды білдіремін. Ауылдан көшу туралы ойымыз да жоқ. Туған өлкеміздің көркеюі жолында аянбай еңбек етеміз. Осындай маңызды жобалар елді мекендерімізді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», — деп сенім білдірді ол.

  • 17.01.2023
  • 261
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика