• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжатқа қол қою облыс үшін тарихи сәт болып есептеледі, өйткені жоғары деңгейдегі медициналық орталық алғаш рет аймақтарға шықты.

Ералы Тоғжанов ҚР ПІБ Медициналық орталығы еліміздің денсаулық сақтау флагманы екенін, бүгінгі меморандум өңірдегі медицинаны одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға орасан зор көңіл бөлді. Өңірде Президент тапсырмасын орындау мақсатында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Облыста тек соңғы 10  жыл ішінде  заманауи құрылғылармен жабдықталған 200-ден аса медициналық нысандар ашылды.  Дүниежүзін жаулаған коронавирустық пандемия адамзат үшін үлкен сынақ  және сабақ болып, денсаулық сақтау саласының бір орында тұрмай,  әрдайым дамуы керектігін дәлелдеді. Осыған байланысты, бүгінгі қол қойылған меморандум – Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам. Бұл өңірдегі медицина қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға үлкен серпіліс бермек, ақтөбеліктерге көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға оң нәтижесін тигізеді деп сенемін», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, жетекші әлемдік серіктестермен ынтымақтастық - Медициналық орталықты ең озық технологияларды енгізуге болатын Үздік тәжірибелер орталығы немесе Апробация орталығы ретінде танытуға мүмкіндік берді. Біз білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырамыз, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргіземіз, инновациялық әдістерді іздестіру және тәжірибеге енгізу, сондай-ақ республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына технологиялар қолдану, бейімдеуді белсенді жүргізіп жатырмыз. Соңғы үш жылда клиникалардың мамандары 150-ден астам жаңа технологияларды енгізіп, оны Қазақстан тәжірибесінде алғаш рет қолданды.

Ақтөбе облысының 130-дан астам азаматы медициналық орталық ұйымдарында медициналық көмек, шипажайларда емделіп, оңалтылды. Біз өңір тұрғындарына практикалық көмек көрсетуді одан әрі кеңейтуді және арттыруды жоспарлап отырмыз. Осы жетістіктердің барлығымен біз Ақтөбе облысындағы медициналық қауымдастықтармен бөлісуге дайынбыз», - деді ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өз сөзінде.

Келелі келісім аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы халыққа кеңестер беруге, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтер көрсетуге, ал қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге міндеттеме алады. Өңірдің медициналық мекемелерінің қызметкерлерін инновациялық технологияларға оқытуды ұйымдастыру, науқастар шалдыққан аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа медициналық технологиялары мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасып, білімдерімен бөлісу туралы  уағдаластыққа қол жеткізілді.

Меморандумда медициналық және басқарушы персоналдың біліктілігін арттыру, оның ішінде қашықтықтан оқыту, бірлескен ғылыми семинарлар, конференциялар өткізу, бірге ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту көзделген.

Сондай-ақ, келісім шаралары өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы жаңа технологияларды меңгеруге, дәрігерлерді оқытуға, отандық медицинаның сапасын және халықтың жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Айтып өтейік, өңірде өтіп жатқан ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында республикалық деңгейдегі жетекші мамандар  17-20 қаңтар аралығында 30 күрделі жоғары технологиялық операцияны жасап, Ақтөбе медициналық орталығының базасында 157 науқасты тексеріп, кеңестерін берді.

Емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне шеберлік сыныптарын өткізді.

  • 20.01.2023
  • 311
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика