- Блогтар
- Әлиев Ж.Ш.
Әлиев Ж.Ш.
ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі
Жақында, мен Facebook желісіндегі Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің парақшасында тікелей эфир өткіздім. Онлайн іс-шараның тақырыбы – Қазақстан өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталарын іске асыру болып табылады.
Құрметті блог қонақтары!
Жақында, мен Facebook желісіндегі Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің парақшасында тікелей эфир өткіздім.
Онлайн іс-шараның тақырыбы – Қазақстан өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталарын іске асыру болып табылады.
Бұл – біздің көпшілікпен алғашқы онлайн кездесуіміз емес. Экологиялық ахуал мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді және ҮЕҰ-мен, атқарушы органдармен, волонтерлермен, экоактивистермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып шешілуге тиіс деп санаймын.
Елдегі экологиялық ахуалдың неғұрлым маңызды проблемалары: атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, жер ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі, тарихи ластану және көгалдандырудың болмауы болып табылады.
Жұртшылықпен бірлесіп, 17 Жол картасы әзірленді. Оларда өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты іс-шаралар көзделген. 10 елді мекен атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары өңірлерге жатады. Оларға: Нұр-Сұлтан, Алматы, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары жатады.
Кездесу барысында, осы өңірлердің Экология департаменттерінің басшылары есеп менің әрбір сұрағым бойынша берді. Олардың әрқайсысында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, барлық іс-шаралардың орындалу мерзімі ерекше бақылауға алынды.
Экологияға зиян келтіретін зауыттардың цехтарын жаңғырту және қайта жаңарту, тазарту құрылыстары кешенін қайта жаңарту, жасыл желектер отырғызу, өзен арналарын тазарту, қауіпті қалдықтарды жою, жаңа полигондар салу, тұрғын үй массивтерін газдандыруға қосу, автокөлікті экологиялық қауіпсіз отын түрлеріне көшіру – түйінді мәселелер болып табылады.
Бұл қадамдар күкіртсутегі шығарындыларының азаюына, жасыл желектердің ұлғаюына, су ресурстарын сақтауға, жер асты суларының ластануын бақылауға, стихиялық қоқыстар санының азаюына, жер ресурстарының ластануын азайтуға алып келеді.
2024 жылға қарай еліміздің 10 қаласында жоғары ластану деңгейін 9-дан орташа 6-ға дейін төмендетуге, 7 кәріз-тазарту құрылыстарын, 24 жаңа полигондар салуға, орман алқаптарында 2 млрд.ағаш және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызуға, тарихи ластанған жерлерді жоюды жүргізуге қол жеткізілетін болады.
Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталарын іске асыру еліміздің барлық 17 өңірінде көзделген.
Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша, мен жұртшылықпен, атқарушы органдар, экоактивистер мен волонтерлер өкілдерінен Экологиялық кеңес құруды тапсырдым. Кеңестің қызметі кәсіпорындардың қызметін бақылауға және қоршаған ортаның ластануын азайту тұрғысынан жүргізілетін жұмыс туралы есеппен тоқсан сайынғы жария кездесулер мен рейдтік тексерулер өткізуге бағытталатын болады деп ойлаймын.
- 26.11.2020
- 399