• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Сенбі, 21 қаңтар күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жұмыс сапарымен болды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында облыс әкімі «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметімен танысты. АЭА құрамындағы объектілерді, соның ішінде іске асып жатқан жобаларды аралады.

Атап айтқанда, 28 млрд теңге инвестиция салынған каустикалық сода және құрамында хлоры бар өнімдер шығаратын зауыт, инвестициясы 1,7 млрд теңгеге химиялық өнімдер шығаратын зауыт, 1,1 млрд теңгеге биг-бэгтердің жұмсақ қаптама ыдысын өндіру зауыты және 14,2 млрд теңге инвестицияға сорғы штангілер мен оған қажетті муфталар шығаратын зауытты аралады.

Сондай-ақ аймақ басшысы 2017 жылы іске қосылған «KAZAKHSTAN PIPE THREADERS» (Tenaris) ЖШС премиум класты газ өткізбейтін бұрандалы құбырлар шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Жоба нәтижесінде 70 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар Нұрлан Ноғаев 2016 жылы іске қосылған жемістер, көкөністер және азық-түлік өнімдерін сақтайтын «Азерсун» өндіріс және логистика орталығын аралады. Орталықтың жұмыс көлемімен және орталық базасында 2020 жылы құрылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сақтау бойынша тұрақтандыру қорының жағдайымен танысты. Жобаның құны - 4,6 млрд теңге.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Ақтау теңіз порты» АЭА инвестициясының жалпы көлемі 285,3 млрд теңге, оның ішінде шетелдік инвестиция – 169 млрд теңге. 411,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді, 1377-ден астам жұмыс орны ашылды, салық төлемдерінің көлемі 54,8 млрд.теңгеге жетті. Сонымен қатар 2,7 млрд.теңгеге өнім экспортталды.

1 теңге бюджеттік инвестицияға 36,6 теңге жеке инвестиция тартылып, 7,1 теңге салық аударымы төленді.

АЭА-ның 50 қатысушысы тіркелді, оның ішінде 20 жоба іске асты, ал 30 жоба қазіргі таңда іске асып жатыр 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқан компаниялар экономиканың дамуына үлес қосуы керектігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

 – АЭА аумағында жобаларды жүзеге асыру өңір экономикасын әртараптандыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджет кірістерін арттыруға мультипликативті әсер береді.  Қосымша құрылыс индустриясын, жол инфрақұрылымын және өңірде оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретін басқа да салаларды дамыту қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 23.01.2023
  • 217
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика