- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Алмас Аянұлы Алин Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Алмас Аянұлы 1977 жылы туған.
1999 жылы О.А. Байконуров атындағы Жезқазған университетін «көркем еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша, 2008 жылы «Болашақ» Қарағанды университеті жеке мекемесін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сәтбаев қаласы орта мектебінің мұғалімі лауазымынан бастаған. Бірнеше жылдар бойы түрлі басқарушылық қызметтерде еңбек еткен.
Айта кетейік, бұған дейін Алмас Аянұлы Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
- 25.01.2023
- 188