• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Бизнеске қолдау: жастарға шағын несиені қалай алуға болады

21 мен 35 жас аралығындағы маңғыстаулық жастарға жеке кәсіптерін қолдау мақсатында 2,5%-бен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие берілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады. Спикердің айтуынша, барлық саладағы кәсіп түріне несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына қатысты жобалар үшін 7 жылға дейін берілмек. Ал, облыс бойынша биыл барлығы 163 жасқа төмендетілген пайызбен несие берілетін болады. Өзінің жеке кәсібін ашқысы келетін болмаса, бар кәсібін одан әрі дамытқысы келетін жастар бұл шағын несие түріне өтінім беруіне болады. - Ескерте кететіні кәсібіңізге, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге 5 жыл уақыттан асып кетсе, сіз бұл шағын несиеге өтінім бере алмайсыз, - дейді Әсет Шопанов. Қолдау жеке кәсіптің барлық түріне берілмек. Тек несиеге өтінім берген кезде кепілге қоятын мүліктің болуы шарт. Өтінім қабылдау туралы хабарландыру 10 күн бұрын 2023 жылдың сәуір мамыр айларында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі басқарманың ресми сайттарына шығады. Шағын несие алу үшін қажет құжаттар тізімі: - Шағын несие алуға өтініш - Жеке басын куәландыратын құжат - Кредиттік тарих туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісім - Бизнес-жоспар - Қатысушының/үміткердің уәкілетті органының шағын несие алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі - Кепіл берушілердің мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі - Шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар - Кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған кезде) - Қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан) - Бағалау туралы есеп - Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар Ал, өтінімді беру бойынша «Аграрлық несие корпорациясының» Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгініп, бизнес-жобаларыңды өткізе алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc?lang=ru

  • 25.01.2023
  • 219
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика