- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Қар жамылғысын тексерудің бірлескен ұшуы
24 қаңтарда ҚР ТЖМ, Есіл бассейндік инспекциясы және «Қазгидромет» РМК өкілдерінің қатысуымен бірлескен ұшу жүзеге асырылды. Ұшу кезінде Есіл (Астана қаласына дейін) және Мойылды өзендері бассейндерінің қар жамылғысының жай-күйіне көзбен шолып тексеру жүргізілді. Маршруттың жүру жолы бойынша Астана су сақтағышы, Есіл су сақтағышы және №8 су торабының су сақтағышы да көзбен шолып қаралды.
Ұшу аумақтағы қармен қамту деңгейі 100%-ды құрайтынын көрсетті. Есіл өзені бассейнінің жоғарғы жағында кейбір жерлерде қар жамылғысының биіктігі жоғары екені байқалады. Су сақтағыштары толығымен қатып қалған.
Ұшу кезінде Есіл (Астана су сақтағышына дейін) және Мойылды өзендері бассейндеріндегі қар жамылғысының жай-күйі 2022 жылға ұқсас, бұл 2023 жылғы 20 қаңтардағы қар өлшеуіш түсірілімдерінің нәтижелерімен расталады.
- 27.01.2023
- 231