- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 26-31 қаңтар аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,93 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,68 м-ден 29,42 м-ге дейін болады деп күтілуде.
*Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 19-25 қаңтар аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,56м-ге тең.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,81м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,58м-ге, ең төменгі мәні минус 29,41м-ге сәйкес келді.
- 27.01.2023
- 168