- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
ТМРКД қарағандылықтардың электр энергиясы үшін асыра келген шоттарының дұрыстығын тексереді
Бірқатар БАҚ-та қарағандылықтардың 2022 жылдың желтоқсан айы үшін электр энергиясына артық шоттар алғаны туралы ақпарат жарияланды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті өз кезегінде Қарағанды облысында электр энергиясының тарифтері бұрын қолданыста болған деңгейде екенін хабарлайды.
Осыған байланысты, ТМРК электр энергиясы үшін артық шот алған Қарағанды облысының тұтынушыларын ведомствоның облыстық департаментінің атына монополист-субъектіге қатысты тексеру жүргізу үшін, барлық растайтын құжаттармен жүгінуді сұрайды, өйткені әрбір жағдай жеке талдануы тиіс.
Қарағанды облысы бойынша ТМРКД мекенжайы: Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6, тел / факс: 8 (7212) 41-18-27.
Монополистердің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, ТМРКД өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.
- 27.01.2023
- 207