• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін, 26 қаңтар күні Маңғыстауда табиғатты қорғау заңнамасын сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, облыс прокуроры Руфат Құттықов, сондай-ақ жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру мәселесі сөз болды.
Браконьерлік үшін жазаның күшейтілгеніне қарамастан қылмыстық жолмен Қызыл кітапқа енген балық пен басқа да фаунаны аулау фактілері тіркелуде. Соңғы 3 жылда браконьерліктің 212 фактісі тіркелді. 132 адам сотталып, олардың 42%-ы бас бостандығынан айырылды.

Облыс прокуроры Руфат Құттықовтың айтуынша, браконьерлер табиғатқа көптеген зиян келтіреді, оларды тек ақшамен есептеп шығаруға болмайды. Егер жағдайды бақылауға алмаса, кейінгі ұрпақ кей жануарларды тек суреттен ғана көруі мүмкін.
Алайда жазалау шаралары жағдайды өзгерте алмайды. Облыс прокуроры осы ретте табиғатқа деген құрметті мектеп қабырғасынан бастауды, халықтың мәдениетін көтеруді ұсынды. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде өңірдің жануарлар дүниесі, Каспий теңізі ел тарихының маңызды бөлігі екеніне тоқталды.  Сондықтан да болашақ ұрпақ оның бай әрі алуан түрлі флора мен фаунасын сақтауы маңызды.

 – Мемлекет басшысы облысқа сапары барысында құрылып жатқан ғылыми-зерттеу институтымен қатар Каспий теңізінің проблемаларын әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен мемлекеттердің қатысуымен жұмыс тобын құру туралы ұсынысын айтты. Қазір бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді облыс әкімі.

Облыс прокуроры Руфат Құттықовтың айтуынша, алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтық қазіргі қоғамдағы күрделі мәселеге айналып отыр. Соңғы 5 жылда республикада қылмыс деңгейі 50%-ға (316481-ден 157473-ке) азайғанына қарамастан, алаяқтық саны, керісінше 50%-ға (27467-ден 43499-ға), ал облыста 60%-ға (611-ден 979-ға дейін) артқан.
 – Бүгінде бұл мәселенің салдарымен күресіп жатырмыз.  Құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар алаяқтықтан зардап шеккен адамдар келгенде ғана мәселені шешу жолын қарастырады.  Мұның нақты себебін анықтау керек.  Қандай да бір күдікті әрекет болса, дереу оған назар аударыңдар.  Түсіндіру жұмыстары, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері күн тәртібінен түспеуі қажет.  Ал жобалық кеңсе құрып, соның аясында үйлестіру кеңесінде талқыланған, көтерілген мәселелер қаржы нарығын реттеу, ҰҚК, прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдары, қоғамдық кеңес және т.б. өкілдері назар аударатындай болуы керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешудің жолын табыңыздар, – деді Нұрлан Ноғаев.

Сөз соңында алаяқтықтың заманауи түрлерімен тиімді күресу үшін прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жобалық кеңсе ұйымдастыру ұсынылды.

Жобалық кеңсенің мақсаты – алаяқтықтың нақты орын алу себептерін анықтау және оның алдын алу шараларын қолдану арқылы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері бұл жобаны бірауыздан мақұлдады.
«Заманауи алаяқтық түрлерінің алдын алу» жобасын орындау нәтижесінде алаяқтық фактілері азаяды. Бұл халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға да ықпал етеді.

  • 01.02.2023
  • 175
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика