• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы таныстырылды

Бүгін, 27 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен білім сапасын арттыруға бағытталған жобаларды орындалуы туралы кеңес өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда өңірдің еңбек нарығына сай «Жаңа мамандықтар атласы» әзірленеді.

Атлас мұнай-газ, ақпараттық технологиялар, білім беру, туризм, көлік және логистика бағыттаты бойынша орындалады.

Жоба аясында облыста қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін анықтау үшін талдау жүргізілді. Алдағы уақытта 8-11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.

 – Жаңа мамандықтар атласының көмегімен еңбек нарығының қажеттілігін болжауға болады. Уақыт өте келе кейбір мамандықтардың жойылып, жаңа мамандықтардың пайда болады. Мәселен, облысымызда туризм қарқынды дамып келеді.  Тиісінше, бізге өңірдің туристік әлеуетін арттыруды білетін мамандар қажет. Мысалы,  бренд менеджері. Бұл брендтің ішкі процестері мен сыртқы коммуникацияларын біліп, барлық маркетингтік ақпаратқа иелік ететін адам. Бағдарламаның тұжырымдамасы 2023 жылдың наурыз айында бекітіледі деп жоспарланып отыр.  Кадрлар қыркүйек айында оқытылады, - деді Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Берік Ахметов.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тек қаладағы ғана емес, ауыл мектептерінің түлектері де жаңа мамандықты меңгеруі керек екенін атап өтті.

 – Еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болмас үшін кадр даярлауға үлкен көңіл бөлу керек. Ол үшін қалада ғана емес, ауыл мектептерінде де білім сапасын арттыруды жандандыру қажет.  Өңіріміздің дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуіміз қажет, – деді Нұрлан Ноғаев.

  • 02.02.2023
  • 195
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика