• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауды көкөніспен қамту мәселесі талқыланды

30 қаңтарда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев көтерме сауда базарының директорлары және супермаркет иелерінің қатысуымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін талқылады, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2022 жылы барлық көкөніс импортының көлемі 20,6 мың тоннаға жетті. Өнімдердің көбі Иран, Пәкістан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан елдерінен жеткізіледі.

Өңірге көкөністерді жеткізу, сақтап, таратумен «Асар-С» көтерме сауда орталығы және «Kaz Fruit» ЖШС айналысады.

Қазіргі таңда шет мемлекеттерден келетін пияз көлемінің азаюына байланысты өндірушілер пияз бағасын қымбаттатып отыр. Осы орайда үкімет деңгейінде пияз экспортына шектеулер енгізілді.  Соның есебінен ішкі нарық тұрақталады деп жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баға белгілеу әлемдік логистиканың, шикізат пен қызметтердің құнына әсер ететінін айтты. Соған қарамастан әкімдікте өнім бағасын ұстап тұруға көмектесетін тетіктер бар екенін тілге тиек етті.

Мысалы, «Каспий» ӘКК арқылы кәсіпкерлерге 0,1 пайызбен қайтарымды несие беріледі. Несие берудің негізгі шарты - бағаны алдын ала белгілеу.

Қазір облыста 6 ірі сауда қоймасы бар.  Бірақ бұл бағаны тұрақтандыруға және маусымаралық кезеңге дейін ұстап тұруға жеткіліксіз. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтау қаласындағы қоймаларды ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ірі инвестициялық жоба іске асады. Бұл - 40 мың шаршы метрді құрайтын Ақтау көтерме-тарату орталығы. Жобада қоймалар мен көтерме сауда орталығы болады.  Климаттық сақтауға арналған қоймалардың көлемі 54 000 тонна болса, оның 20 000-ы көкөністерді сақтауға арналған.

– Жоба толығымен орындалса, көкөніс бағасын бірқалыпты ұстауға мүмкіндік болады. Облысқа азық-түлік тауарларының 84 пайызы сырттан әкелінетінін, 16 пайызы ғана өзіміз қамтамасыз ететінін білесіздер. Біз үшін нарықтық бағаның ауытқуы - үлкен мәселе. Импорттық өнімнің бағасына логистикалық шығындар, басқа да факторлар әсер етеді. Өңірде көкөніс сақтайтын қоймалар да жетіспейді.  Көтерме-тарату орталығын салу жобасы бәсекелестікті арттыру арқылы азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге көмектесуі керек. Кәсіпкерлер табыс табуы үшін, сонымен бірге халықты қолжетімді бағадағы өніммен қамтамасыз етуі үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 02.02.2023
  • 192
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика