• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Бейнеу-Жаңаөзен магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды

7 ақпанда Маңғыстау облысында «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісін  бастау үшін символикалық дәнекерлеу рәсімі өтті. Салтанатты шараны Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов ашты, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жобаның технологиялық схемасы бойынша, газ құбырының 2-ші желісінің жалпы ұзындығы – 308 км. Ал өткізу мүмкіндігі жылына – 5,8 млрд текше метр.  2023 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстарын аяқтау және пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы мультипликативтік әсер беретінін атап өтті.

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысын тұрақты газбен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы мақсатта QazaqGaz ұлттық компаниясы Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының екінші желі құрылысын бастады. Жоба іске асса, шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

QazaqGaz басшысының айтуынша, мегажоба Маңғыстау облысының елді мекендерін газбен қамтуға мүмкіндік береді. Электр энергиясын, жылу мен суды өндіру үшін газды үздіксіз тасымалдайтын ірі кәсіпорындардың жұмысын жетілдіреді. Сонымен қатар облыс тұрғындары үшін стратегиялық маңызы бар әлеуметтік нысандарға және өнеркәсіп орындарының газбен қамтамасыз етілмей қалу қаупін, төтенше жағдайлардың алдын алады.

«Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының ішкі нарықтағы табиғи газды тұтыну көлемі артқаны байқалады. Сондықтан мегажоба бойынша екінші желі құрылысының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Сонымен қатар облыстың энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Санжар Жаркешов.

  • 07.02.2023
  • 166
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика