• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Г.Б. Сұлтанова
Г.Б. Сұлтанова

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
27 қарашада «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты IX Азаматтық форумы пленарлық сессиясы өтті.

        Пленарлық сессияның ашылуында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекет азаматтық қоғамның тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесе беретінін атап өтті.

        "Біз Қазақстан азаматтары емін-еркін қауымдастықтарға біріге алуына жан-жақты қолдау көрсете беретін боламыз және мұны негіз қалаушы конституциялық құқығы ретінде қарастырамыз. Ол Қазақстанның саяси жаңғыруының және ілгері қарыштайтын қоғамдық прогресінің маңызды шарты саналады. Сондықтан біз бүгіннен-ақ заңнамамызды өзгертіп, қоғамдық кеңестердің, азаматтық қоғамдық бақылаудың, еріктілердің қызметін күшейтуге бағытталған жаңа заң жобаларын әзірлейміз", – деді Қ.Көшербаев.

        Сонымен қатар, отырыс барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, өңірлік азаматтық сектор өкілдері, саясаттанушы Айдос Сарым, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Алтынай Көбеева, «Атырау. Кішкентай ел» балаларды оңалту орталығының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев, «Береке» ҚБ төрайымы Роза Абдуллаева, Nege.kz қазақ тілді порталының директоры  Александр Данилов сөз сөйледі.

        Форум ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауының идеялық мазмұнына сүйенеді, онда азаматтық секторды дамыту мен өркендеудің, олардың мемлекетке деген сенімін арттырудың маңыздылығы аталды.

        Аида Балаеваның айтуынша, форум кері байланыстың алуан түрлі тетіктері қолданылған шынайы диалогқа айналды. 40-тан астам түрлі форматтағы онлайн сұқбат алаңдары ұйымдастырылды.

        Форумның онлайн алаңдарына 20 000-нан астам адам қатысты, талқылауға 1500-ден астам ҮЕҰ белсенді өкілдері атсалысты.

        Орталық мемлекеттік органдардың 12 басшысының салалық кездесулері өткізілді, онда ҮЕҰ өкілдері "еркін микрофон" форматында өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.

         IX Азаматтық форумның қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдерінен 650-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түсті. Оның ішінде республикалық форумның қорытындысы бойынша – 500-ден астам ұсыным, 17 өңірлік форумның қорытындысы бойынша-150 ұсыныс қабылданды.

         Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық форум - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2003 жылдан бері әрбір екі жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі алаң. Қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында Азаматтық форум онлайн режимге көшірілді, ал делегаттарға ыңғайлы болу үшін мазмұнды бағдарлама бес күн бойы жалғасты.

  • 27.11.2020
  • 353
Г.Б. Сұлтанова

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

Г.Б. Сұлтанова
(Мұрағат)

ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика