- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Көктемгі су тасқынынадайындық жұмыстары талқыланды
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен отырыста көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындық мәселелері талқыланды. Өңір басшысы барлық аудан әкімдіктерінен шынайы деректер беруді талап етіп, нақты міндеттер жүктеді.
– Біздің өңір су тасқыны көріністері жоғары облыстардың қатарына кіреді. Бұл барлық қызметтерден жедел шешімдерді, халықтың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ, оның мүлкін сақтау жөніндегі міндеттерді уақтылы орындауды талап етеді, – деп атап өтті өңір басшысы. – Су тасқыны іс-шараларын орындау кезінде азаматтық қорғау қызметтері қолайлы ауа-райы болады деп, қамсыз, бейқам отырмауы керек. Көктемде температураның жоғарылауымен бірге көп мөлшерде жауын-шашын жауу мүмкін, бұл елді мекендерде қардың көп еруіне әкеліп соғады. Бұл су басу қауіпін арттыруы мүмкін.
Облыстағы ағымдағы жағдай туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев баяндады.
– Біздің облыс аумағы көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға бейім. Жекелеген өңірлерде жыл сайын елді мекендерді су басу қаупі бар күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасады. Тарқатып айтар болсақ, қазір Ерейментау, Целиноград, Қорғалжын, Жақсы аудандарында топырақтың қату тереңдігі бір жарым метрге жетті. Колутон және Жабай өзендерінің бассейндеріндегі топырақтың күзгі ылғалдылығы нормадан жоғары, – деді Нұрлан Атығаев.
Баяндамашының айтуынша, су қоймаларындағы су қорын, топырақтың ылғалдылығын, оның қату тереңдігін, мұз қабығының болуын талдағаннан соң, су тасқыны қаупі бар аймақтар қауіп дәрежесіне қарай бөлінді. Осы орайда, жоғары тәуекел аймақтарына Целиноград, Аршалы, Атбасар, Сандықтау, Астрахан, Шортанды аудандары жатады. Ерейментау және Зеренді де басты назарда. Атқарылған жұмыстардың арқасында 128 елді мекеннің 113-інде су басу қаупі азайтылды. Өткен жылғы талдау көрсеткеніндей, су тасқыны жағдайының ушуғуының негізгі себептері қысқы кәріз жүйелерінің болмауы, су өткізгіш құрылғылардың өткізу қабілетінің төмендігі болды.
65 елді мекенде 20 шақырымнан астам өзен арналары аршылды, 24 шақырым су бұру арналары жабдықталды және тазартылды, 100 метр Жабай өзенінің арнасы түзетілді.Облыстық бюджеттен төтенше жағдайлар департаментіне көлікке, ғарыштық мониторингке, жарылыс жұмыстарына 131 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
Аудан әкімдіктерінің ақпараттары бойынша, өңірлерде 160 тонна жанар-жағармай, 15,6 мың тонна инертті материалдар мен қаптар дайындалды. Облыс бойынша негізінен, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 255 мың текше қар шығарылды. Қазірдің өзінде су басу қауіпі бар аудандардан қар шығару жұмысын жеделдетіп, ширату қажет.
– Биылғы жылы бұрынғыға қарағанда қар көбірек жауғанына назар аударуымыз керек. Елдімекендерден қарды уақытылы шығару бұл өтемаңызды мәселе. Біз өз ауылдарымыз бен қалаларымызды апатты жағдайдан сақтап қалуды басты назарда ұстауымыз керек. Екінші жыл қатарынан осы іс-шараларға жеткілікті қаражат бөліп келеміз. Қажетті техниканыңбарлығы кез-келген уақытта сақадай-сай, дайын болуы тиіс, – деп ескертті басқармалар мен ведомстволардың жауапты қызметкерлеріне Ермек Маржықпаев.
Жиынды одан әрі қорытындылаған облыс әкімі өңіріміздегі елдімекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін барлық мәселелерді назарда ұстауды және қатаң бақылауды тапсырды.
- 09.02.2023
- 184