• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарына су тарту мәселесі шешіледі

9 ақпанда Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев жұмыс сапарымен Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарына барды. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Жұмабай Қарағаев Ақшұқыр ауылындағы "Сыйымдылығы 600 м3 болатын 8 құдық су имаратының" жұмысымен танысты. Су имаратында қуаттылығы тәулігіне 1000 м3 су тұшыту қондырғысы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек ауылға іргелес жерде қуаттылығы тәулігіне 5000 м3 су тұшыту зауыты салынды. Қазіргі таңда аталған зауыттан құбыр тарту құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2023 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Құбыр тарту жұмыстары аяқталған соң қосымша тәулігіне 5000 м3 су алуға мүмкіндік болады. Бұл өз кезегінде су тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Жәнібектің айтуынша, жалпы ауылға 3500 м3 ауыз су қажет. Осы мәселені шешу үшін 8 құдық су имаратына қосымша әрқайсысы 1000 м3 болатын 2 резервуар салу жоспарланып, жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

Содан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ақшұқыр ауылының тұрғындарымен кездесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. 

Ауыл тұрғындары экология, қоқыс шығару, жұмыссыздық, көшелерді жарықтандыру мәселелерін қозғады.

Түстен кейін Жұмабай Қарағаев Сайын Шапағатов ауылдық округінде болып, 75 пайызға аяқталған 500 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысты.  Ғимарат 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Осылайша, ауыл балалары шығармашылық үйірмелерге қатысып, кітапханаға баруға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ ол «Aлёка» ЖШС-ның «AURA» демалыс аймағындағы су тұшыту зауытының жұмысымен танысты. Зауытта қосымша 20 ұңғыма қазылып, 1000 м3 резервуар салынып жатыр. Бүгінде 9 600 адам тұратын ауылға тәулігіне 3 000 м3 су қажет. Алайда, ауылға Ақтау-Ақшұқыр-Сайын Шапағатов су құбыры арқылы 500-600 м3 су берілуде. Егер «AURA» су тұшыту зауыты іске қосылса, тәулігіне 1300-1400 м3 су үздіксіз беріледі. Жауапты мамандардың айтуынша, жоба сәуірдің соңында аяқталады. 

Әлеуметтік нысандарды аралаған соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев Сайын Шапағатов ауылының тұрғындарымен кездесті.  Жиында Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш 2022 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ауыл әкімінің айтуынша, ауылда 1 медициналық мекеме – дәрігерлік амбулатория, емхана, 3 мектеп, 7 балабақша қызмет көрсетеді.  Яғни, балалар 100 % балабақшамен қамтылған, ал үш ауысымды оқытуды болдырмау мақсатында 1 200 орынға арналған жалпы білім беру мектебі салынады. 

Ауыл тұрғындарының басым бөлігін ауыз су, қаңғыбас иттерді аулау, жұмыспен қамту, ұялы және интернет байланысының сапасын арттыру мәселелері толғандырады. 

 – Жиында екі ауылдың тұрғындары өз өтініштерін айтты. Ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, даму жоспарына сәйкес жұмыс әрі қарай жалғасады. Жедел әрекетті талап ететін өзекті мәселелер де бар. Ең алдымен ауыз су тапшылығына қатысты жұмыстар орындалуы керек, – деді Жұмабай Қарағаев.

  • 10.02.2023
  • 223
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика