• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елбасы алға қойған стратегиялық міндеттерді және ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамудың 2020 жылғы 10 ай ішіндегі қорытындылары

        2020 жылғы 27 қарашада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында, сондай-ақ 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

        «Мемлекет басшысы өзінің биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты жоспарларды белгіледі. Дағдарыстан кейінгі дамудың алға қойылған міндеттері мен басым бағыттарын іске асыра отырып, біздің өңір жалғасып жатқан пандемияға және онымен байланысты шектеулерге қарамастан дамудың оң серпінін сақтап отыр. Өңірде осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қызметтің көптеген бағыттары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Өсім, ең алдымен, нақты сектор салаларының есебінен қамтамасыз етілді: өнеркәсіпте – 106,3%, ауыл шаруашылығында - 14,2%; құрылыста-11,7%. Ақмола облысының негізгі капиталына түскен инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 23% - ға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс еліміз бойынша үздік үштіктің қатарында», - деп атап өтті әкім.

          Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту да өңір экономикасының драйверлерінің бірі болып табылады. Ақмолалық аграршылар белгіленген мерзімде егін жинау жұмыстарын жүргізді, ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім алды. Облыста дәнді дақылдардың жалпы түсімі гектарына 11,8 центнерден орташа түсімділікпен 5,2 млн. тоннаны құрады.

          Өңірде азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 41 жоба іске асырылуда.

          Дағдарысқа қарсы шаралар аясында шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, 20 мыңнан астам субъект салық жеңілдіктері мен несиелер бойынша кейінге қалдыруды алды. Олардың іскерлік белсенділігін қалпына келтіру үшін екі бағдарлама шеңберінде 7 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.

          Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы Жолдаудың маңызды басымдықтары болып қала береді. Үш жыл ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,5 млн.ш. м. тұрғын үй енгізілді немесе 13 мың отбасы тұрғын үй мәселесін шешті. 2020 жылы жоспарланған 570 мың шаршы метр тұрғын үйдің 455 мың шаршы метрі пайдалануға берілді.Жалпы жалға берілетін тұрғын үй және демеушілік қаражат есебінен биыл 500 аз қамтылған отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

          Адами капиталдың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Үш ауысымды мектептер мәселесі басымдыққа ие болып отыр. Жыл соңына дейін Целиноград ауданында 1620 орындық 3 мектеп және Көкшетау қаласында 1320 орындық 3 қосымша оқу корпусын іске қосу жоспарлануда. Бұл облыстың 6 мектебінде үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламалары аясында 148 білім беру нысаны жөнделді.

          Денсаулық сақтау жүйесінде бірінші кезектегі міндет – тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, короновирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу. Бұл үшін өңірде барлық ықтимал пәрменді шаралар мен шектеулер қабылдануда.

          «Облыста ПТР-талдауларға арналған 6 зертхана жұмыс істейді. Зертханалардың резервтік қуаты қажет болған жағдайда тәулігіне 7 мың тестке дейін арттыруға мүмкіндік береді. 1000-нан астам төсек-орын бар, резервте 5000 орын бар. Қысқа мерзімде 200 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынды, штат жасақталған және қазір медициналық мекеме науқастарды қабылдап жатыр»,- деді баспасөз конференциясы барысында өңір басшысы.

          Үкіметтің қолдауымен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, ӨЖЖ аппараттарының саны 2,5 есеге, оттегі концентраторларының саны 5 есеге артты . Жедел жәрдем автопаркі 41 жаңа машинамен толықты, тағы 17 көлік жеткізіледі деп күтілуде. Көкшетау қаласында 150 келушіге арналған онкологиялық емхананың құрылысы аяқталды, нысан желтоқсан айының ортасында іске қосылады.

          Көкшетауда 630 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы – тәжірибелік іске асыру кезеңіне шыққан ауқымды жоба. Жоба тиісті меморандумға қол қойылған «Ellington Properties Development LLR» компаниясымен бірлесіп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

  • 27.11.2020
  • 456
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика