• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұра ауданына жасалған жұмыс сапары бойынша есеп

Су тасқыны маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта су тасқыны бойынша аудандық жедел штаб құрылып, 21 елді-мекен мен 277 аула бақылауға алынды. 12 ауылда топырақ жалдары мен үш ауылда габиондар тұрғызылды. Қажетті материалдар мен жабдықтар дайындалды.

Ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесіп, оларға ауыл шаруашылығы саласындағы 14 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларымыз туралы айтып бердім. Аталған жобалардың ішінде 11 сүт - тауар фермасы, оның ішінде Нұра ауданында 800 басқа арналған ферманы салу жобасы бар. Сондай-ақ Абай ауданында картоп қоймасы мен құс фабрикасын салуға және Бұқар жырау ауданында құс фабрикасын жаңғыртуға қаражат бөлінеді. Жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті өнімдер желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Білім беру саласы бойынша аудан орталығында заманауи стандарттар бойынша жабдықталған 600 оқушыға арналған жайлы мектептің құрылысы басталады. Оны 2025 жылы пайдалануға тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Денсаулық сақтау саласы бойынша мамыр айында Байтуған және Заречное ауылдарында екі ФАП-тың құрылысы аяқталады. 2024 жылы 10 нысанның құрылысы қолға алынып, отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен ФАП салынады.

Алдағы 2 жылда 12 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз.

Пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша өткен жылы Нұра ауданының мемлекеттік қорына 37,3 мың га жер қайтарылды, ал 2023 жылы шамамен 69 мың га жерді қайтару жоспарлануда. Аталған жерлер байқау арқылы шаруа қожалықтарына беріледі деп жоспарлануда.

Жақын арада Құланөтпес және Жараспай ауылдарының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сондай-ақ 5 ауылды тұщы сумен қамтитын Киев топтық су құбырының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді тапсырдым.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша ауданның сегіз ауылындағы орамішілік жолдарды орташа жөндеуге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Баршино ауылындағы Мәдениет үйі мен Нұра кентіндегі Өнер сарайының құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Қазіргі уақытта аудан орталығындағы 20 үй (40 пәтер) мен бассейн құрылысын аяқтау бойынша сондай-ақ Жараспай-Құланөтпес жолын жөндеу және Баршинодағы орталық емхана мен учаскелік аурухананы кеңейту мәселелерін шешу қажет. Бұл мәселелер бойынша аудан әкімдігі келесі аптада ұсыныстарды енгізеді.

  • 17.02.2023
  • 255
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика