• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БЕЙНЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ҚАРҚЫН ЖҮРУДЕ

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Бейнеу ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен және жүргізіп жатқан жұмыстарының барысымен танысты. 

Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары «Анаға тағзым»  ескерткішінен басталды. Қосай ата көшесінің бойында бой көтерген стелла 2020 жылдың 6 шілдесінде қойылған. Ол түсті металл конструкциясынан құйылып, жан-жағы жарық шамдарымен жабдықталған.

Жаңа туындыда ананың балаға деген мейірімділігі ерекше көрсетілген. Ананың оң қолына сәбиін ұстап, алға қарай бір қадам жасап тұрғанының мәні – түн ұйқысын төрт бөліп, бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарға тағзым ретінде бейнеленген. Ал киім-кешектегі әр ою-өрнек салт-дәстүріміздің болмысын сипаттайды.

Бұдан кейін аймақ басшысы Бейнеу аудандық жұмыспен қамту орталығы, Бейнеу ауылындағы "Тәуелсіздік алаңының" құрылыс жұмыстарымен танысты. Қос әлеуметтік нысан  2020 жылдың суір айында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»  бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Өңір басшысы бастаған жұмыс тобы Бейбарыс көшесі бойында ауыл азаматтарының демеушілігімен салынған Ашық спорт алаңы және балалар ойын алаңына барды. «Ашық футбол» алаңы 1000 шаршы метр. Балалар ойын алаңы 250 шаршы метр. Онда 70 адамға арналған отырғыштар, қоқыс жәшіктері қойылған. Балалар ойын алаңында  9 түрлі ойын құрал-жабдықтары мен  17 жарық шамдар орнатылған.

Сонымен қатар, С.Трұмов Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев атындағы және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептердің жанынан әр қайсысы 312 орындық қосымша оқу нысандарының құрылыс барысымен танысты. Әлеуметтік нысандар мемлекеттік сатып алу конкурсымен 2020 жылдың сәуір айында «Нұр-жол құрылыс»  ЖШС-мен  келісім-шарт жасақталды. Құрылыс  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»  бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бүгінде әр құрылыс алаңдарында 70 жуық жұмысшы қызмет етуде. Тапсыру мерзімі 2021  жыл.

Бұдан кейін, облыс әкімінің ауданға сапары «Әли Балта атындағы орталық стадион» құрылысымен танысумен жалғасты. 60 шаршы метрлік стадион 1990 жылы салынған.  Күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылы жүргізілді. Брусчаткалар төселіп, жарық шамдары орнатылды. Жүгіру алаңына  асфальт жол төселді.  Хоккей алаңы мен заманауи воркаут салынды. 2020 жылы  футбол алаңына газон төсеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы көрермендер  орындығы 1000 адамға арналған. Футбол алаңы  (50х90) 450 шаршы метр.  Хоккей алаңы 20х40.  Воркаут алаңында -43 түрлі спорт жабдықтары орнатылған.

Бұдан кейінгі әкім барған нысан Бейнеу аудандық орталық ауруханасы. Денсаулық сақтау мекемесе 1982 жылы салынған. Бүгінде онда 605 қызметкер бар. Аурухана 120 орынға арналған (терапия бөлімі-30, хирургия бөлімі-19, перзентхана-39, балалар бөлімі-16, инфекциялық аурулар бөлімі-16). Ауруханада «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»  бағдарламасы аясында күррделі жөндей жұмыстары жүргізілуде. 

Сонымен қатар биыл Бейнеу ауданында «Білеулі» керуен сарайы ескерткіші бой көтерген. Ескерткіш ақ мрамор плитасымен қапталған, жан-жағына түрлі түсті шамдармен жабдықталған. Тұрған жері әртүрлі пішіндегі тастармен әсемделген. 

Бұдан кейін аймақ басшысы Бейнеу ауаны Сарға селосына су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу жобасымен танысты. Облыс әкімі Серікбай Трұмов аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, салынып жатқан нысандардың сапасына жірі назар аудару керектігін тапсырды.   

  • 28.11.2020
  • 392
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика